Көкшетауда ұстаздар құрметке бөленді. Шара Ақмола облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтті. Кәсіби мерекеге орайластырылған кеште ұстаздар "Еңбек ардагері","Үздік педагог" және "Ыбырай Алтынсарин" төс белгілерімен марапатталды. Толығырақ алдағы сюжетте.
Шара Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен өтті. Аймақ басшысы өңірдегі білім саласындағы жетістіктерге тоқталып, педагогтарды кәсіби мерекемен құттықтады.
Ермек МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Баршаңызды шын жүректен ұстаздар мерекесімен құттықтаймын. Бұл біз үшін ең қымбатты мейрамдардың бірі. Себебі әр азамат, әр тәлімгер бар білімді мектеп партасынан алған. Бәрімізде бір-бір ұстаздың шәкіртіміз!
Кеште кәсіби біліктілігімен көзге түскен үздіктер марапатталды. Сондай-ақ мереке аясында 11 жас педагог облыс әкімінің 100 мың теңгелік сертификатына ие болды. Айта кетейік мерекелік кеште ардагер ұстаздарда шет қалмады. Күні бүгінге дейін облыста "Еңбек ардагері" медалімен 15 мұғалім марапатталған.Енді оның қатарында білім саласында 40 жылдан астам еңбек еткен Теңдік Тәйкенқызы да бар.
Теңдік ТӘЙКЕНҚЫЗЫ , "ЕҢБЕК АРДАГЕРІ" МЕДАЛІНІҢ ИЕГЕРІ:
Мектеп деген ол өмір, ол таусылмайтын өмір.Ол үнемі ізденіс, үнемі шығармашылық. Үнемі жас ұстаздарға білім, біліммен қатар тәрбие беру мәселесі үлкен -үлкен қызметті дейміз, жұмысты дейміз қажет етеді.
Жүзден жүйрік танылғандардың қатарында үздік педагогтар да бар. Кәсіби шеберлігімен көзге түскендер қуанышын жасыра алмады.
Ләззат ҚАСҚАЕВА, "ЖАҚСЫ №1 ОРТА МЕКТЕБІ" ММ МҰҒАЛІМІ:
Мына республикалық кезеңге жеткен кезде, қуанышымызда шек болған жоқ. Себебі біз аудан орталығындағы ауыл мектебінен енді республикада таласқа түсу енді үлкен жетістік деп ойлаймын.Сондай қатты толғаныста болдым.
Шара облыста дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылып отырады.
Ботакөз ДҮЙСЕНОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша ең үздік атанған ұстаздарымыз марапатталды. Ең бірінші әрине ҚР білім және ғылым министрлігі өткізген республика көлеміндегі "Ең үздік-педагог" атанған 2 ұстазымыз бар. Солар марапатталды.
Айта кетейік, облыста 1300-дей білім беру ұйымы бар, онда 21 мың-нан астам педагог қызмет істейді.
Б. Сатуов