$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Павлодарда тұтас аудан жылусыз отыр

AstanaTV
05.10.2021ж. 20:00
1303
Павлодарда тұтас аудан жылусыз отыр

Павлодарда жаңадан салынып жатқан «Достық» шағын ауданының тұрғындары жылусыз отыр. Күздің қара суығы келсе де, әлі жылу берілмеген. Ал бүгін аймаққа алғашқы қар жауды. Суыққа шыдамағандардың кейбірі пәтерін жауып көшіп жатыр. Ал басқа барар жері жоқ тұрғындар болса, амалсыз суық үйде жан бағуда. Қысы ерте келетін солтүстік өңірге жылу беру қыркүйектің ортасында басталған. Тілшіміз Өзгеріс Қуанар қалалықтардың жанайқайын тыңдап келді.

Суыққа әбден тоңып қалған Ілияс қала әкімінен көмек сұрауға мәжбүр. Ауырып қалғандықтан, мектепке де бармаған. Ал суыққа шыдамаған тұрғындардың бір жартысы басқа үйлерге көшіп жатыр.

Ал басқа барар жері жоқ тұрғындар суық пәтерлерін паналауға мәжбүр. Жылудың жоқтығы аз болғандай көктемнен бері ыстық су да көрмеген.

Әсемгүл МАРТЫШЕВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бізге тепло беріңіздер. И ыстық су керек. Потому что балалардың бәрін шомылдыру керек. Мектепке жіберу керек. Киімдерін жуып қойғанбыз. Барлығы кеппейді. Үйдің іші барлығы сырость. Новый үй мыналар.


Ал жылудың неліктен кешіктіріліп жатқанын тұрғындар түсінбей отыр. Мәселені айтып әкімдік табалдырығын тоздырғанмен, нәтиже болмаған.

Гүлнұр БРЫКОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Әлі ыстық су жоқ. Отопление жоқ. Түгеліміз ауырып жатырмыз. Балалар ауырып жатыр. Бұл енді сұмдық. Үйде тамақ істегеннің өзінде үй жылынбайды. Обогреватель қоямыз.

Әкімдік өкілдері жылудың кешіктірілуіне құбырларды жаңғыртудан өткізу себеп болғанын айтты. Достық ауданын 10 қазанға дейін жылуға қосуға уәде етті.

Жансерік ҚАПЗОЛЛА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАМАНЫ:

Жаңа үйлер бойынша «Павлодар жылу желілері» ЖШС-де тиісті құжттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, жаңадан салынған 42 жылу магистралін іске қосу бойынша да жұмыстар жасалынуда. Содан кейін жаңа шағын ауданның үйлеріне жылу іске қосылатын болады.

Айта кетейік, «Достық» шағын ауданы жаңадан салынып жатыр. Құрылысы әлі толық аяқталмаған. Сондықтан да жаңа ауданның халқы әлі біраз күн шыдай тұруына тура келмек.

Ө. Қуанар