$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Елімізде учаскелік полиция пункттері жетіспейді

AstanaTV
05.10.2021ж. 20:00
874
Елімізде учаскелік полиция пункттері жетіспейді

Елімізде учаскелік полиция пункттері  жетіспейді. Бұл әсіресе, ауылдық жерлерде үлкен мәселе. Бір инспектор 3-4 елдімекенге  қызмет көрсетеді.  Ал олардың көбі   баспанамен қамтамасыз етілмеген. «Nur Otan» партиясы жанындағы құқықтық кеңестің кезекті отырысында кеңес мүшесі, мәжіліс депутаты Гүлнар Бижанова  осылай деді.  Сондай-ақ, биыл елімізде 78 полиция учаскесі салынады деп жоспарланған. Бірақ, ол орындалмайтын түрі бар, жыл басынан бері 29 ғана бекет пайдалануға берілген.

Гүлнар БИЖАНОВА, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС МҮШЕСІ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша,  қаржыландыру болмағандықтан 8 өңірдегі 40 учаскелік пункт құрылысы жүзеге аспай қалуы мүмкін.  Шымкентте-3, Павлодар облысында-10, БҚО-9, Алматы облысында-7, Жамбыл облысында -5, Шығыс Қазақстан облысында-3, Қостанайда-2, Ақмолада 2 учаскелік пункт салынуы тиіс.

Кеңес отырысында сондай-ақ, құқық қорғау жүйесіне енгізілетін өзгерістер талқыланды.  Алдағы уақытта полиция бөлімшелері сервистік модельге көшеді. Сот жүйесіне жаңа кәсіби кадрларды тарту және сот төрелігін жүзеге асыру процесіне жасанды интеллект енгізілмек.   Бұл  арқылы сот актілерінің барынша ашықтығы мен қолжетімділігі қамтамасыз етіледі.

Д. Жарқынбек