Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Нұротандықтар жастарды шахтерлар әулетімен кездестірді

AstanaTV
22.08.2017ж. 20:00
2042
Нұротандықтар жастарды шахтерлар әулетімен кездестірді

Нұротандықтар жастарды еңбекке баулымақ. Қарағандылық белсенділер кеншілер күні қарсаңында студенттерді шахтерлар әулетімен кездесуге шақырды. Кеншілер династиясының мүшелері мамандықтың қыр-сырымен бөлісті.

Рафаэль Гафуров 40 жыл бойы кен орнында жұмыс істеген. Костенко шахтасының бұрынғы бас технологы. Сондықтан, бар білерін жастарға айтып, тіпті керек десе, үйретуге дайын. Өзін құттықтай келген студенттерге, шахтер болу қиын болғанмен, құрметті мамандық екенін айтты. 82 жастағы еңбек ардагерінің бүкіл әулеті осындай пікірде. Зайыбы кен орнының жоспарлау бөлімін басқарған. Ұлы Ресейде кенші, ал, немересі - қазір Костенко шахтасында кен шебері. Шахтерлар әулеті, қара алтын өндірісіндегі мамандар тапшылығын жою үшін, жастарға көбірек мағлұмат берген дұрыс деп санайды.

Рафаэль Гафуров, ардагер кенші:

Шахта деген – ол газдану, өрт секілді оқыс жайттарға толы болады. Осының бәрінен ақылдаса отырып, бір жолын тауып шығатынбыз. Бұл - өте күрделі мамандық. Сондықтан кеншілерге күш, қайрат, жігер, үміт тілеймін.

Бақытжан Аманжолова, «Нұр Отан» партиясының Октябрь аудандық филиалы төрағасының орынбасары:

Шахтер - өте сыйлы, құрметті мамандық. Бірақ қазіргі жастар жеңіл жұмыстарға еліктейді. Жұмысты аз істеп, ақшаны көп тауып деген секілді. Соған біз, мына үлкен кісілер секілді, еңбекпен жағдайды қалай жасауға болатынын көрсету үшін, осындай шаралар жасаймыз.