Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Елордадағы «Керамик» саяжайының тұрғындары үйсіз қаламыз ба деп қорқады

AstanaTV
06.10.2021ж. 20:00
1373
Елордадағы «Керамик» саяжайының тұрғындары үйсіз қаламыз ба деп қорқады

Елорданың қақ ортасындағы «Керамик» саяжайының тұрғындары үйсіз қаламыз ба деп қорқып отыр. Айтуларынша, әкімдік олар тұратын баспана мен жерді арзан бағаға сатып алмақшы. Ұсынылған өтемақыға бір бөлмелі пәтер де келмейді деп дабыл қағады тұрғындар. Арнамызға хабарласып, шағымданған саяжайлықтардың жанайқайын тілшіміз Әсел Дүкембаева жеткізеді.

Елиза Оразшаева  10 жылдан  бері осы саяжайда тұрады. Оның айтуынша, әкімдіктегілер үйлерін  өте арзан бағалап отыр. Билік ұсынған қаржыға  бір бөлмелі пәтер де түспейді дейді Елиза.

Елиза ОРАЗШАЕВА, САЯЖАЙ ТҰРҒЫНЫ:

11 соток жерімді 12 миллионға бағалады. Жерді 323 мыңнан есептеген. Ешқандай рыночный стоимостьқа мүлде келмейді. 45 рет звондайды. Біз артық нәрсе сұрап жатқан жоқпыз, үйді бағалау жұмыстары дұрыс жүргізілсін, неадекватный оценкаларын ұсынбасын «Городская Недвижимость».

Қазір мұнда 10 шақты үй бар. Саяжай тұрғындары осылай сергелдеңге түсіп жүріп,  жалғыз баспанамыздан айрылып, далада қаламыз ба деп қорқып отыр.    

Индира ХАСЕНОВА, САЯЖАЙ ТҰРҒЫНЫ:

Олардың айтып отырған бағасы 2 есе кем, 9 млн- 5 млн деген ақшаға не аламыз. Қаншама отбасы 3-4 баламен тұрып жатыр. Жалғыз біздің баспанамыз. Открыто айтып отыр, шенеуніктер жері, сіздер ештеңе істей алмайсыздар деп. Шығыңдар да шығыңдар деп, біз сендерді сотқа береміз дейді. Сотқа бергенде бізді шығарып тастайды.

Тұрғындардың айтуынша, билік өкілдері  олардан үй мен жерді сатып алып, бағасын өсіріп, қайта сатып жатқан көрінеді.  Сондықтан бұл мәселені қадағалайтын біреу болса дейді. Ал жауапты орган өкілдері қазір тағы да бағалау жұмыстарының жүріп жатқанын айтады.  

Дарын МҰҚЫЖАНОВ, «ҚАЛАЛЫҚ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК» МКК ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Алғашқыда бағалау компаниясы есептеу жұмыстарын жүргізуде кейбір ауытқулар болды. Сәйкес болмағандықтан біз есептерді қабылдамай, екінші бағалау компаниясы жұмыс жүргізіп жатыр қолымызға қорытынды нәтижелерін алғаннан кейін біз оларға өтемақы соммасын ұсынатын боламыз.

Тұрғындарға бағалау қорытындысын күтуге тура келеді. Онан басқа амал жоқ. Құзырлы орган өкілінің айтуынша, олар қыстың көзі қырауда далада қалмайды.  

А. Дукембаева