Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Білім және ғылым министрлігі балалар құқығын қорғай ала ма? - «Nur Otan»

AstanaTV
06.10.2021ж. 20:00
1009
Білім және ғылым министрлігі балалар құқығын қорғай ала ма? -  «Nur Otan»

Балалар интернаттарының 80% - ға жуығы жөндеуді қажет етеді. "Nur Otan" жанындағы Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес осындай қорытынжы жасап отыр. Ерекше балалар білім алатын мекемелердің проблемасын партиялықтар 2 жылдан бері көтеріп келеді. Осы уақыт ішінде 500-ден аса интернаттың тек 95 ғана жөнделген. Кеңес төрайымы Динара Зәкиеваның айтуынша, Алматы, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарындағы жағдай адам шошырлық күйде. Соңғы үш жылда аталған өңірлердегі бірде-бір мекемеде шеге қағылмаған. Ерекше балаларға жағдай жасау, ол - партияның сайлау алды бағдарламасында да көрініс тапқан.

Динара ЗӘКИЕВА, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ОТБАСЫ, ӘЙЕЛДЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒА У МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Білім және ғылым министрлігі елдегі балалардың құқығын қорғауға жауапты екенін түсінеді ме? Түркістан облысында күрделі жөндеу тек 1 мекемеде ғана жүргізілді. Оның өзі біз барған және біз мәселесін көтерген мектеп -интернат, бірақ бұл аймақта тағы 40 мектеп бар.


Сондай -ақ, кеңес мүшелері инклюзивті білім беру мәселелерін де талқылады. Ерекше балаларды оқытуға әлі де жағдай жоқ. Бұл Білім министрлігінің қаулыларына қарсы келеді, дейді Динара Шайжүнісова. Тіпті, онда сабақ беретін мамандардың жұмысы көп болғанымен, жалақысы тым аз екенін жеткізді.

А. Данияр