$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақтөбе облысында биыл 33 әлеуметтік нысан ашылды

AstanaTV
06.10.2021ж. 20:00
1358
Ақтөбе облысында биыл 33 әлеуметтік нысан ашылды

Ақтөбе облысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында көрсетілген 400-ден астам жоба жүзеге асты. Орындалуы тиіс шаралар әлі де баршылық. Бүгін партияның аймақтық филиалының Саяси кеңес Бюросы отырысында атқарылып жатқан шаруаның жайы талқыланды. Жыл басынан бері өңірде Жол картасы бағдарламасы шеңберінде 33 әлеуметтік нысан ашылып, ел игілігіне берілген.

Алмагүл БЕКЕНОВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

3 мектеп, 4 балабақша 3 спорт нысаны, медициналық пункт пен амбулатория, ауылдық клуб ашылды. Және жеке кәсіпкерлер қаражат шығарып, құрылыс материалдарын шығаратын зауыт ашылды, көкөніс сақтайтын жылыжай ашылды.


Отырысты қорытындылаған облыс әкімі, партия филиалының төрағасы Оңдасын Оразалин барлық сайлауалды уәделерді орындау және сайлаушылардың сенімін ақтау негізгі міндет екенін айтты. Бұған қоса, Жол картасындағы әрбір индикаторды сапалы, әрі уақытылы орындау жөнінде тапсырма беріп, аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларына бұл іске жауапкершілікпен қарауды тапсырды.

Г. Сейтенова