Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Елордада отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын-алу бойынша жұмыстар жүйелі жолға қойылған

AstanaTV
07.10.2021ж. 20:00
2360
Елордада отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын-алу бойынша жұмыстар жүйелі жолға қойылған

Елордада отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын-алу бойынша жұмыстар жүйелі жолға қойылған. Мәселен жыл басынан бері тұрмыстық жанжалдар байланысты 6 мыңға жуық факт тіркелген. Оның екі мыңға жуығы әкімшілік жазаға тартылыпты. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы айтты. Оның дерегінше, отбасылық қиындыққа тап болғандар арасында заңға жүгінушілердің қатары артқан.

Отбасылық зорлық-зомбылық бүгінде қоғам дертіне айналған. Онымен күресу жолында тек құқық қорғау органдарының іс-шаралары жеткіліксіз. Сонымен қатар әрбір азамат өз өміріне асқан жауапкершілікпен қарауы тиіс. Сондықтан да жауаптылар дәстүрлі түрде жыл сайын адамдар көп шоғырланған орталарда түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырады. Мамандар бүгінде отбасылық қиындыққа тап болғандар арасында, өз құқықтарын білетін азаматшалар қатары артып келеді дейді

Гүлмира ШЫРАХМЕТОВА, НҰР-СҰЛТАН қ. ПД ӘЙЕЛДЕРДІ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТАН ҚОРҒАУ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Осы отбасы тұрмыстық саладағы соның ішінде әйелдер қорғау нұсқамасының не екенін біле бастады қазір.Одан кейін бұрынғыдай қазір  тұрмыстық зорлық-зомбылыққа шыдап, көніп жүре бермейді.Бірінші белгі берілген кезде 102 каналына қоңырау шалып немесе Нұр-Сұлтан қаласы ПД әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының сенім телефонына хабарласады.

Отбасылық жанжалдардың алдын-алуда құзырлы органдар үкіметтік емес ұйымдарменде қоян-қолтық жұмыс жасауды жолға қойған. Олардың арасында медиаторлар, психологтар, әлеуметтік педагогтар бар. Елордада жәбір шеккен қыз-келіншектерге көмек қолын созатын қоғамдық қорлар мен ұйымдардың да жұмысы жүйелі жолға қойылған. Солардың бірі "Отбасылық табысты орталығы" қоғамдық қоры.

Роза БИКЕШЕВА, "ОТБАСЫЛЫҚ ТАБЫСТЫ ОРТАЛЫҒЫ" ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Біз қалалық департамент полиция өкілдерімен, Нұр-Сұлтан қалалық әкімдіктің  ішкі саясат бөлімдерімен тығыз байланыста жұмыс істейміз. Біздің орталыққа зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер келеді.  Олардың барар жері жоқ болып жатса, Үміт дағдарыс орталығымен келісіп,белгілі бір мерзімге жібереміз.   Білім беру саласы , денсаулық , қоғамдық жұмыс болсын, профилактикалық жұмыс жасауға тырысамыз. Әрине, ең алдымен зорлық-зомбылыққа қарсы шаралар ұйымдастырып тұрамыз.
 
Отбасындағы берекесіз тірліктен қажығандарға, елордадағы дағдарыс орталығынан орын беріледі.  Онда уақытша паналауға және арнайы мамандардың көмегіне тегін жүгінуге жағдай жасалған.  Биылдың өзінде бұл орталыққа 72 азаматша жөнелтілген.

Әсел АСЫЛБЕКОВА, ПСИХОЛОГ:

Бізде осы орталықта барлық көмек тегін көрсетіледі. Тамағы бар, жататын орны бар түгел бәрі осында тегін көрсетіледі. Біз жұмыс жасаймызғой, психологиялық тұрғыда. Өз-өзіне келсін деп. Отбасын сақтап қалуға тырысамыз. Ажырасуға емес татуластыруға тырысамыз.

Құзырлылардың айтуынша отбасындағы берекесіздікке көбіне ащы су себеп болып жатады. Мәселен ағымдағы жылдың өзінде отбасылық зорлық-зомбылыққа байланысты 40 қылмыстық іс тіркелген. Оның 38-і ішімдіктің кесіренен орын алған екен.

Б. Сатуов