Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Елордада қоқыс сұрыптау және шығару жұмыстары қалай жүргізіледі?

AstanaTV
07.10.2021ж. 20:00
2993
Елордада қоқыс сұрыптау және шығару жұмыстары қалай жүргізіледі?

Елордада 3  жыл бұрын «құрғақ» және «дымқыл»  қалдықтарды бөлек жинау пилоттық жобасы қолға алынған. Бұл   қоқысты дұрыс сұрыптауға, қоршаған ортаны таза ұстауға, экологияны жақсартуға негізделген. Бірақ,  кейбір тұрғындар мұны  әлі толық түсінбейді. Сондықтан мамандар насихат жұмыстарын күшейту қажет дейді. Толығырақ тілшіміз Әсел Дүкембаева айтады.  

Жыл сайын Нұр-Сұлтан қаласынан 300 мың тоннаға жуық қалдық шығарылады. Яғни елорданың  әрбір тұрғын күніне орта есеппен 1 келі қоқыс тастайды. Ал оны сұрыптау керек екенін біреу білсе, біреу білмейді.  

БЛИЦ:

- Пласмассты сары контейнерге саламын. Балаларым мен көршілеріммен қоқыстарды жинап жүреміз.

- Ия, әрине бөлек сұрыптаймыз. Бутылканы бөлек, анау нені бөлек.

- Бәрін бірге тастаймыз. Бутылканы да бәрін бірге тастаймыз.


Жауапты мекеме мамандарының айтуынша, қалдықтар сұрыпталатын бір ғана кешен бар. Қағаз, шыны, бөтелке сияқты  тұрмыстық қоқыстар   қайта өңдейтін кәсіпорындарға жеткізіледі. Ал өзге қалдықтар  престеліп, полигонға көміледі.

Сағыныш САҒЫНТАЕВ, ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ МАМАНЫ:

Нұр-Сұлтан қаласында 2019-шы жылдан бері МПЗ кешені жұмыс істеп тұр. МПЗ заводы испандық үлгіде салынған, жылына 3000 тонна қалдық өңдеп шығарады.

Қоқыс өңдеу кешені аумағында қалдықтарды қабылдауға арналған екі желі жұмыс істеп тұр. Осы жерде  қалдықтар сұрыпталады, брикеттеледі және өңделеді.

Сағыныш САҒЫНТАЕВ, ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ МАМАНЫ:

Пластик бөтелкелердің қалдығынан киім, көрпе, жастық жасалған. Полиэтилен пакеттен құдықтың бетіне арналған қақпақ жасалынады.

Егер дұрыс сұрыпталса, қоқыс та кәдеге асады. Тек тұрғындар осыны ескерсе дейді мамандар.

ӘСЕЛ ДҮКЕМБАЕВА, ТІЛШІ:

Қоқыс сұрыптау түгілі, оны   жәшіктерге  тастауға ерінетіндер  бар. Міне, өздеріңіз көріп тұрғандай, жәшіктің айналасы шашылып жатыр. Ал негізі қалдық заттарды бөліп тастау ушін арнайы контейнерлер бар.  Пластик, картон, қағазды сарыға, ал азық-түлік қалдықтарын жасыл  контейнерге салу керек. Ешқандай қиындығы жоқ.

Ә. Дүкембаева