Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Павлодар облысының Баянауыл ауданын қалың қар басып қалды

Павлодар облысының Баянауыл ауданын қалың қар басып қалды

Павлодар облысының Баянауыл ауданын қалың қар басып қалды. Әсіресе, Қаражар, Құндыкөл, Ақсаң, Егіндібұлақ, Қаратомар ауылдары ақ ұлпадан көрінбей қалған. Елді-мекендерден шығатын жол жабылып, аудан орталығымен байланыс үзілді. Қоңыр күзде табиғаттың мұндай тосын мінезін күтпеген халық абдырап қалғандарын айтады. Қардың биіктігі қора-қопсының бойына дейін жеткен. 2 күн соққан боран жұртшылықты әбден әбігерге түсірді.

Жергілікті тұрғындар мұндай табиғи құбылыс бұрын-соңды болмаған - деп отыр.  Тіпті, кейбір ауылдар жайлаудағы малын қораға жеткізе алмай қалған.

Синоптиктер де мұны күпеген секілді. Олар бір жарым айлық норманың қары бір күнде түскенін жеткізді. Ақ ұлпа Баянауыл ауданынан бөлек Екібастұзға да жауған. Қардың қалың түсуі циклонның өтуімен байланысты - дейді, Қазгидромент мамандары. Алдағы күндері өңірде күн райы +12 градусқа дейін жылынатынын хабарлайды.

Ө. Қуанар