Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Ақтөбеде жүк вагондарының кешігуінен газ тапшылығы туындады

AstanaTV
11.10.2021ж. 20:00
2041
Ақтөбеде жүк вагондарының кешігуінен газ тапшылығы туындады

Ал ақтөбелік жүргізушілер көлікке құятын газ таппай сенделіп жүр.  Өңірде дизель отынының ізінше   сұйытылған газ  жоғалды. Мұнай мен газдың үстінде отырған өңірде неге   тапшылық туындады? Мәселе қашан шешіледі? Тілшіміз Гүлвира Сейтенованың репортажы.

Ақтөбенің газ құю бекеттерінде кешеден бері дүрбелең. Бірінде газ жоқ, енді бірі талонмен ғана сатып жатыр.  

Қанат МУСИН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:


Қала бойынша таңертеңнен бері іздеп келе жатырмын. Бәрі жерде талонмен дейді. Газ жоқ дейді.


Асан АМАНЖОЛОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Бүгін 75-тен сатып жатыр. Қымбат. Қымбат болса да алып жатырмыз. Жүру керек. Талонсыз беріп жатыр. Кеше по талону деп берген жоқ. Келіп кеткенмін осы заправкаға.


Энергетика министрлігінің есебінше, облысқа осы айға деп 11 мың 160 тонна сұйытылған газ бөлінген. Өңірдегі екі зауыт қажетті көлемді уақытында өндіріп бергенімен, оны қалаға жеткізе алмай отыр.  

Самат ЛЕПЕСОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
 
«Қазақстан Темір жолы» АҚ-ның жөнелтілетін жүк көп болғандықтан, айдың басында темір жол бекеттерінде сұйытылған газ құйылған цистерналарды жөнелту кешеуілдеп қалды.  Газ тапшылығы сол себептен туындап отыр. Қазір  қалаға қажетті мөлшердің 8,6%-ы, яғни 958 тонна газ әкелінді.

Гүлвира СЕЙТЕНОВА, ТІЛШІ:

Әкімдіктің ақпараты бойынша, қалаға 25 цистерна сұйытылған  газ жеткізілген. Олар қазір газ толтыру бекеттеріне таратылып жатыр. Ал, Қандығаш пен Жем стансаларында тағы 16 вагон кезегін күтіп тұр. Жергілікті билік бұл жағдайды үш аптаның ішінде толықтай шешеміз дейді.  

Г. Сейтенова