$494.87 €520.65 ₽4.91
×

17 жастағы қыз өгей әкесінің зорлағанын 4 жылдан бері дәлелдей алмай жүр

AstanaTV
12.10.2021ж. 20:00
3586
17 жастағы қыз өгей әкесінің зорлағанын 4 жылдан бері дәлелдей алмай жүр

Опасыз әке 4 жыл бойы өгей қызына зорлық көрсеткен. Жәбірленуші  оны анасына, мұғалімдеріне, психологқа айтса да, ешкім құлақ аспапты.

Өз-өзіне қол жұмсамақшы болғанда,   аурулар ауруханасына жатқызған.

Жәбірленуші күш көрсету кезінде жазылып алынған аудиожазбаны құзырлы орындарға берген соң ғана күдікті анықталды. Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің дерегінше,  бірақ ол әлі қамауға алынбаған. Жасөспірім мен күдіктіге сот-психиатриялық сараптамалар жүргізіледі. Егер күдіктінің осы қылмысты жасағаны дәлелденсе, 17 жылға немесе өмір бойына сотталуы мүмкін.  

Болатбек НҰРҒОЖИН, БҚО ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

13 жасынан 17 жасына дейін... Соның бәрін тергеу барысында анықтайтын болады. Сараптама тағайындалып отыр ғой. Аудиожазбаға фоноскопиялық сараптама болады. Соның нәтижесі бойынша шара қолданатын болады.  

Е. Карин