Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Жедел-жәрдем қызметкерлері шу шығарды

AstanaTV
12.10.2021ж. 20:00
1359
Жедел-жәрдем қызметкерлері шу шығарды

Алматылық жедел жәрдем қызметкерлері басшыларының қысым көрсеткенін айтып шағымданды. Айтуларынша, директор Ербол Сәрсенбаев жұмысшыларға   жағдай жасамай отыр. Қызметкерлерге арнайы киім мен көлікке қажет бөлшектерді  өз қалталарынан сатып алуға мәжбүрлеген. Қарсылық танытқандарын жұмыстан шеттеткен. Толығырақ тілшіміз  Әсем Лесбек   тарқатады.

Қаланың бірнеше жедел жәрдем станциясында жұмыс істейтін  қызметкерлер бүгін таң атысымен жиналды. Белсенділер басшыларының қысым көрсеткенін айтып, БАҚ өкілдеріне шағымданды. Қазіргі директор көлікке қажет құрал-саймандар мен бөлшектерді өзімізге алғызады дейді.

Асхат ШАРИПОВ, ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ ЖҮРГІЗУШІСІ:

Запчасть бәрін сатып алғанымыз шын. Өзіміз ремонт жасаймыз.  Қолымызда чектерге дейін бар. Ешқайсымызда спец.одежда деген жоқ. Бізге айтады сатып алыңдар дейді спец.одежданы. Отыз пайызға көтерілген де жоқ медиктардың 100-120 мың ғана шамасында алып отыр.

Кенжеболат ЕСІМСЕЙІТОВ, ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ ЖҮРГІЗУШІСІ:

Қолымызда 1-1,5 млнға дейін чегіміз бар. 12- ші подстанцияның өзі сондай чек боп тұр. Бізді қыспаққа алды. Сол қыспаққа алғанын біз қағазбен жаздық. Акиматқа да бардық.

Мәселені көтергендер  қудалауға ұшырды дейді, қызметкерлер.  

Жазира ТАУБАЗАРОВА, ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ ФЕЛЬДШЕРІ:

Президентке жазған хатқа да қол қойдық. Бірнеше адам 80 адамдай қол қойдық. Біз деген қудаланып жатырмыз кәдімгідей. Қол қойған адамдарды жауапқа тартып  жатыр, не себепті қол қойдыңыздар деп.


Ал медициналық жедел-жәрдем қызметінің директоры жұмысшылардың сөзін жоққа шығарды. Тіпті құзырлылардың өзі қызметкерлердің арыз шағымына байланысты тексеру жүргізді дейді.

Ербол Сәрсенбаев, АЛМАТЫ қ. МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Өтініште көрсетілген барлық деректерді анықтау мақсатында қала әкімдігі,партиялықтар қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тексеріс жүргізді. Онда жазылған айғақтар негіссіз деп танылды. Мен ешкімді заңсыз жұмыстан қумадым. Келтірілген шығындар жөнінде де барлық құжаттарымыз бар.


Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Осылайша қызметкерлерінің арызын негізсіз деген Ербол Сәрсенбаев қазір Полицияға арыз жазған. Жұмысшыларым жалған жала жапты деген ол істі аяяғына дейін жеткізуді көздеп отыр. Ал қалалық ПД аталмыш іске қатысты қылмыстық іс қозғаған. Яғни 274 баптың 1 бөлігі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.


Ә. Лесбек