Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Назарбаев АӨСШК Сыртқы істер министрлеріне үндеу жасады

AstanaTV
12.10.2021ж. 20:00
1090
Назарбаев АӨСШК Сыртқы істер министрлеріне үндеу жасады

Нұрсұлтан Назарбаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше елдердің сыртқы істер министрлеріне үндеу жолдады. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үндеуін жиында Сыртқы істер министрінің орынбасары оқып берді. Ақан Рахметуллин форумға Азияның 90 %  қамтитын 27 мемлекеттің қатысатынын атап өтті. Бұл елдер әлемдік жалпы ішкі өнімнің жартысынан көбін өндіреді. Сонымен бірге, жаһандық экономиканың өсуіне де айтарлықтай септігін тигізеді. Елбасының сөзінше, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес кеңістігінде шиеленіс ошақтары мен тұрақсыз аймақтар да жетерлік. Олардың қатарында аумақтық даулар мен ядролық қарусыздану мәселелері, терроризм мен экстремизм бар.   

Ақан РАХМЕТУЛЛИН, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазір Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес - бірегей құрылым, оның қызметі, Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылықтың ортақ және инклюзивті кеңістігін құруға, елдер арасындағы саяси жақындасуға, келіссөздер механизмі арқылы және көпжақты әдісті қолдана отырып, құрлықтың ең өзекті мәселелерін шешуге бағытталған.

Қасым-Жомарт Тоқаев та Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі Сыртқы істер министрлері кеңесі қатысушылармен кездесті. Президент   пандемиядан туындаған қиындықтарды еске алып, вакциналардың барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету қажеттігін айтты. Бұған Қазақстан да отандық "QazVac" вакцинасымен өз үлесін қосып отыр. Сондай-ақ, Тоқаев ғұламалар кеңесінің басшысы лауазымына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты  ұсынды.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:


Біріншіден, мен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің ғұламалар кеңесі басшысының лауазымына Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын ұсынамын. Екіншіден, кеңеске 2022-2024 жылдары Қазақстанның қайтадан төрағалық етуі бойынша өтінішін хабарлаймын.

Мемлекет басшысы климат мәселелеріне де ерекше назар аударды. Азия-Тынық мұхиты аймағы әр түрлі табиғи апаттарға жиі ұшырайтынын жеткізді. Сонымен қатар, Ауғанстандағы қазіргі ахуалдың да өзекті екендігін атап өтті.

А. Данияр