Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Елімізде жедел медициналық қызмет көрсету туралы жаңа ереже 16 тамызда күшіне енді

AstanaTV
21.08.2017ж. 20:00
4546
Елімізде жедел медициналық қызмет көрсету туралы жаңа ереже 16 тамызда күшіне енді

Қостанайдағы жедел жәрдем қызметі жаңа ережемен жұмыс істеуіне дайындалып жатыр. Енді олар тек өмірі қыл үстінде тұрғандарға көмек көрсетеді. Созылмалы ауруы бар адамдарға емханалардағы "арнайы қызмет" түнде де қызмет ететін болады. Өзгеріс станция жұмысын жеделдете ала ма, емханалардағы фельдершерлер саны қаншалықты ұлғайтылады? Заңғар Санай сабақтайды.

Заңғар Санай, тілші:

Қостанай қалалық жедел медициналық көмек көрсету станциясына күніне үш жүзден астам шақырту түседі. Бұл жолы бригада шаһардағы орталық базарға 10 минутта жетті. Саудагер әйелдің жүрегі сыр беріп, өміріне қауіп төнген көрінеді. Мұндай жағдай бірінші санатқа жатқызылады.

Сабыр Бұзайылов, Қостанай қалалық кезек күттірмейтін жедел медициналық көмек станциясы бас дәрігерінің орынбасары:

Қоңырау шалатындар көп. Кейбір науқас өлім алдында, мүшкіл халде жатқанда, біз созылмалы дертпен немесе тұмауратып қалған адамның шақыртуымен жүретін едік.

1, 2 және 3 категорияға жататын науқастарға жедел медициналық көмек станциясы қызмет көрсетеді. Яғни науқастың өміріне тікелей қауіп төнген жайдайда, оларға бригада 10 минут пен 30 минут аралығында жүйткіп жетеді. Ал 4 санатқа жататын адамдар, яғни созылмалы дертке шалдыққандар мен тұмауратып қалғандар емханадағы жедел медициналық көмек бөлімшелеріне жүгінеді. Асқазан дертіне шалдыққан қарт ананың шақыртуын жедел жәрдем станциясы қаладағы нөмірі төртінші емхана бөлімшесіне жолдаған. Емхана фельдшері 1 сағаттың көлемінде 79 жастағы зейнеткердің үйіне жетіп, жәрдем көрсетті.

Лариса Шухова:

Анам бір жылдан бері төсек тартып жатыр. Үнемі үйге дәрігер шақыртамыз. Бүгін, міне бір сағаттың көлемінде фельдшер келіп, екпе салды.

Қостанайдағы нөмірі төртінші емханада екі жылдан бері жедел жәрдем көрсету бөлімшесі жұмыс істейді. Күніне қырық адамның шақыртуын қабылдайды. Егер, бөлімше тәулік бойы жұмыс істейтін болса, дәрігерлер қатарын көбейту қажет, - дейді емдеу мекемесінің өкілдері.

Әсем Темірханқызы, Қостанай қаласы № 4 емханасының аға тіркеушісі:

Қазір бізде 4 фельдшер жұмыс істейді, Екеуі - ересектеге, екеуі - балаларға. Егер жаңа ереже енгілізсе, тағы да басқа фельдшелер алуға мүмкіндіктерміз бар. 2 смена 12 сағатпен жұмыс істеуі керек. Қазір таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін  жұмыс істейміз.

Жаңа бұйрық бойынша бригада келгенге дейін жедел медициналық жәрдемді арнайы  білімі жоқ адамдар да көрсете алады. Бұл топқа полиция қызметкерлері, патрульдік қызмет, әлеуметтік және басқа да сала өкілдері жатады. Реформаның тағы бір жаңашылдығы - қабылдау бөлімдерінде жаңа дәрігерлік мамандықтың енгізілуі. Қабылдау бөлімінің дәрігері дереу медициналық көмек берумен қатар, науқастардың халін жақсарту үшін алғашқы реанимациялық және басқа да ем-дом шараларын қолданатын болады.