Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Қазақстанда құлтемір көмегі арқылы кен өндіру әдісі енгізілімек - Ж.Қасымбек

AstanaTV
21.08.2017ж. 20:00
3566
Қазақстанда құлтемір көмегі арқылы кен өндіру әдісі енгізілімек - Ж.Қасымбек

Қазақстандағы алып кен орындарындағы пайдалы қазбаларды өндіруде «роботтандыру» қолға алынады. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз жиыны барысында Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді. Ведомство басшысы қазірдің өзінде «Қазақмыс», Kazminerals, "Казцинк", "АрселорМиттал Теміртау" сынды алып кен орындарымен жаңа индустриялды деңгейге көтерілу үшін жоспарлар құрып жатқанын атап өтті. Министрдің сөзінше, тың жоба Қазақстанның өнеркәсіп индустриясы ел экономикасын бәсекеге қабілетті етуге өз септігін тигізеді.

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:

Аталмыш кәсіпорындар сандық модернизация жобасын жасап өтті. Енді жаңа технологиялар енгізетін «ақылды кен орны» сынды бағдарламаларды жүзеге асырады. Онда алдыңғы қатарлы датчиктер, сенсорлар және роботтандыру жұмысы дами түседі. Бізде жаңа технологияларды игерген алғашқы жобаларымызда бар. Тек  ERG компаниясының өзі алдағы 10 жылда сандық технологияға 800 млрд теңге инвестиция тартуды көздеп отыр.