Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қазақстандық дипломаттар тәліптермен қандай келісімге келді?

AstanaTV
18.10.2021ж. 20:00
1269
Қазақстандық дипломаттар тәліптермен қандай келісімге келді?

Өзге де жаңалықтар. Кабулда Қазақстан билігі мен тәліптер арасындағы алғашқы келіссөздер жүргізілді. Президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Ержан Қазыханов бастаған делегация "Талибан" құрған үкімет мүшелерімен кездесті. Оларды сыртқы істер министрі міндетін атқаратын Әмір Хан Муттақи мен Ауғанстан әкімшілігінің қазіргі басшысы Абдул Ғани Барадар қабылдады. Тараптар сауда-саттық және  гуманитарлық көмек мәселелерін талқылады. Қазақ елі ауған халқына  5 мың тонна ұн жеткізді. Сондай-ақ,  короновирусқа қарсы отандық QazVac  вакцинасын жіберуге ниет білдірді.  Біріккен ұлттар ұйымының мәліметінше, Ауғанстан халқының 90 % - ы өте кедей тұрады. Айта кетейік Қазақстанда «Талибан» қозғалысына тыйым салынған.

Омид АХМАДЗАЙ, ТЕМІР ЖОЛ БЕКЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Бүгін біз Қазақстан Президенті мен халқынан гуманитарлық көмек тиелген вагондар келгеніне қатты қуандық. Бұл ұнның сапасы өте жоғары. Ауған халқы бұл  қолдауды  бағалайды. Көп рахмет!


А. Қуаш