Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Елордада Рухани келісім күніне орай халықаралық конференция өтті

AstanaTV
18.10.2021ж. 20:00
1521
Елордада Рухани келісім күніне орай халықаралық конференция өтті

Елордада Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналып, рухани келісім күніне орай халықаралық конференция өтті. "Қазіргі заманның сын-қатерлері жағдайында конфессияаралық және ұлтаралық келісімді нығайту" тақырыбына арналды. Дін өкілдері, орталық мемлекетті орган өкілдері мен ғылыми-сарапшылар бас қосып, тұрақтылық пен келісім аясында атқарылып жатқан жұмыстарды саралады.

Елордада жыл басынан бері діни бірлестіктер өзара бірлесіп 60-тан астам түрлі форматтағы іс-шаралар өткізген. Сонымен қатар, жүйелі түрде «Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес» жұмыс істейді. Аталған кеңес - конфессияаралық және дінаралық өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған кешенді саясатты жүзеге асырады дейді Бас Мүфти.

Наурызбай ӨТПЕНОВ, ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ, БАС МҮФТИ:

Қалалық әкімдіктің ұйымдастыруымен рухани келіссөздерге арналған арнайы жиын өтіп жатыр. Бұл шараның мақсаты, жыл сайын мереке қарсаңында әртүрлі конфессия өкілдерін шақырып, осы еліміздің бірлігі нығаюына, ары-қарай өркендеуіне насихат ретінде өтіп жатқан шара.

Шара барысында Қазақстанның астанасын конгресс өтетін орынға айналдыру идеясы, әлемнің көптеген елдерінде қолдау тапты. Съезд конфессияаралық және ұлтаралық диалогты нығайтуды жалғастырудың жарқын мысалы болды.

Асхат ОРАЛОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл жалпы адамзаттың моральдық құндылықтар, рухани келісім мен тұрақтылық идеялары төңірегінде Қазақстан халықтарының бірлігін көрсетеді. Елорда бүгінде бүкіл Қазақстанға серпін мен бағыт береді, барлық этностар мен диаспораларды біріктіреді. Бұл қазақстандық қоғамдағы бейбітшілік пен келісімнің негізгі тірегі.

Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының, Ресей, АҚШ, Үндістан, Швейцария, Германия, Ливан және басқа елдерден меймандар қатысты. Олар негізінен мемлекет және қоғам қайраткерлері, діни бірлестіктер мен азаматтық қоғам институттарының өкілдері. Сондай-ақ  халықаралық сарапшылар қатысты.

Наурызбай ӨТПЕНОВ, ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ, БАС МҮФТИ:

Әртүрлі конфессия өкілдерін шақырып елімізге бірлігіміздің нығаюына ары қарай өркендеуіне насихат ретінде өтіп жатқан шара, сол мақсатымызға жетуге Алла Тағала жетуге нәсіп етсін. Елдің бірлігі тыныштығы бұдан ары қарай дами берсін.

Сонымен қатар, діни бірлестіктердің өкілдері мұндай іс-шаралар халықты біріктіруге ықпал етіп,  діндер арасындағы өзара қарым-қатынасты жақсартып, конфессияаралық келісімді нығайтатынын атап өтті.

Ә. Дүкембаева