Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Елордада дәстүрлі "Жастар жалыны -2021" фестивалі қорытындыланды

AstanaTV
18.10.2021ж. 20:00
1198
Елордада дәстүрлі "Жастар жалыны -2021" фестивалі қорытындыланды

Елордада дәстүрлі "Жастар жалыны 2021" фестивалінің қорытынды кеші өтті. Шараны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырған. Жүзден жүйрік атанғандарды марапаттау кешіне эстрада жұлдыздары мен әр түрлі бағытта топ жарған азаматтар қатысты.

Жеңімпаздар 10 бағыт бойынша  марапатталды. Олар заманауи би, ұлттық би, эстрада, музыкалық аспапта ойнау, айтыс, поэзия, сурет салу  бойынша сынға түсті. Шарада   карантиндік талаптар  толық ескерілді.

Әли БЕКМҰХАНБЕТОВ, ЖЕҢІМПАЗ:

Байқауға тәуелсіздік жайлы өлеңімді арнадым. Биыл тәуелсіздіктің 30 жылдығы болғаннан кейін, мерейтой. Әрі тәуелсіздік баршамыздың жүрегімізден шығатын өлең бұл. Жалпы байқау барысы өте ұнады.Жеңімпаз етіп жүлде беріп жатқандарына көп-көп рахмет айтамын.

Аруай ТАСМАҒАМБЕТОВА, ЖЕҢІМПАЗ:

Сурет үйірмелерін жақсы көріп, осы кішкентай кезімнен бері анамының арқасында сурет сала бастадым. Ең бірінші алғасымыды анама айтқым келеді. Сол кісінің арқасында міне қазір мен осындай оорындар алып, осындай сыйлықтар алып отырмын.

Байқауға қаладағы 14 жоғары оқу орынының студенттері қатысты. Айта кетейік, фестивальда 10 бағыт бойынша командалық негізде көзге түскен университеттердің алғашқы  үштігі  анықталды.  Еуразия Ұлттық университеті  топ жарды.  

Асхат ОРАЛОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Фестивальдің он байқауы , он түрі ол ең алдымен тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған. Сондықтанда идеалогиялық жағынан қарайтын болсақ әрбір ән, әрбір шығармашылық кеш , әрбір сайыстың кезеңі тәуелсіздіктің 30 жылдығы жырланып, жастардың өз пікірін білдірі, енді  үлкен сахнада жеңімпаздарды марапаттап жатырмыз.


Жастарға ерекше  шабыт сыйлайтын байқау келер жылы да ұйымдастырылады деді-жауаптылар.

Б. Сатуов