Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Карантинге қарамастан 300 мыңнан астам адам шет елде демалған

Карантинге қарамастан 300 мыңнан астам адам шет елде демалған

Биыл 300 мыңнан астам қазақстандық шет елде демалған. Мұндай көрсеткіш тіпті пандемияға дейін болмады дейді мамандар. Ішкі туризм де  айтарлықтай алға басқанын айтады. Осыған байланысты ел қоржынына түсетін пайда да еселенген. Толығырақ әріптесім тарқатсын..

Елордалық Айнұр  биыл 3 айдың ішінде 10- нан астам отандық демалыс орындарында болған. Оның айтуынша,бізде  ішкі туризм әлсіреп тұр. Ал бағасы "шет елге барып келгеннен де жоғары" дейді.  

Айнұр ЖАҒЫПАРОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мысалы, шет елде транспорттық жүйе жақсы дамыған күтіп алу қарсы алу және де анимациялық әртүрлі қызықты бағдарламалар әрқашанда дайындалып тұрады. Жетістіктерге жету үшін бізге біраз жұмыстар істеу керек. Біздің транспорттық жүйеміз, сервистік жүйеміз әлі де жақсы жұмыс істеуді қалайды.

Былтыр сыртқы туризм   күрт төмендеп кеткен еді. Бірақ биыл кей елдерге шекара ашылған соң, өзге жаққа демалысқа баратындар  көбейген.    Әсіресе, Туркия, Мысыр және Біріккен Араб әмірлігіне сұраныс жоғары дейді мамандар.    

Асылхан ЕСІЛОВ, "ТУРИСТІК ҚАМҚОР" КҚ ДИРЕКТОРЫ:

 
2020 жылдың 9 айдың қорытындысын қарасақ тек қана 64 мыңнан астам туристер шет елге демалуға шыққан. Ал, енді 2021  жылы 9 айдың қорытындысын қарасақ туристердің саны 320 мыңға жетті. +тенденция бар.  


Мамандардың айтуынша,ел ішінде қыдыратындар да көбейген.  Биыл туристер   70 пайызға артты дейді.  Туристердің көбі Алматы, Шымкент, Жамбыл  және Сарығашта орналасқан курорттық нысандарға жиі барады.  Түркістанға сапарлап жатқандар тіпті көп.

Осының арқасында мемлекеттік қорға 45 млрд теңгеге  жуық қаражат түскен. Ал курорттық аймақтарда 59 жаңа нысан салынған.

Даниел СЕРЖАНҰЛЫ,  "KAZAKH TOURISM" ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ТУРИСТІК ӨНІМ ДАМЫТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:


Бұрынғы кезде жазғы бағыт ретінде көбінесе Балқаш, Маңғыстау жағы таңылатын болса, олардың қатарына кейінгі жылдары Алакөлдің қосылғанын білесіз. Енді қазіргі кезде Алматыны көшбасшы ретінде жеке қойсақ, одан кейін өз орнын бермей келе жатқан Бурабай бар.

Динара ЖАРҚЫНБЕК, ТІЛШІ:

 
2019 жылы 70 -тен аса мемлекеттен елімізге визасыз кіру мәселесі жоспарланған еді. Карантин салдарынан бұл жұмыс тоқтап қалды. Мамандардың айтуынша,  биыл үкімет  30 елдің азаматтарына Қазақстанға визасыз кіруге рұқсат  бермек.


Д. Жарқынбек