Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Президент Қарағанды облысына жұмыс сапармен барды

AstanaTV
20.10.2021ж. 20:00
2251
Президент Қарағанды облысына жұмыс сапармен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, бүгін Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды. Ол  Жезқазғандағы Жәйрем полиметалл кен байыту фабрикасын телекөпір режимінде ресми түрде іске қосты. Сондай-ақ, «Қазақмыс» компаниясының алдағы жоспарымен танысты. Жезқазған қаласын сапалы ауызсумен қамтамасыз ету жайы да баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаев, Үкіметке және облыс әкімдігіне жобаны 1 жарым жылдың ішінде жүзеге асыруды тапсырды. Сонымен қатар, мемлекет басшысы азық-түлік бағасының қымбаттауына және ауыл шаруашылығын субсидиялау мәселесіне қатысты пікір білдірді.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Бұл, әрине, әлем нарығында болып жатқан күрделі мәселе. Әлемде барлық тауардың бағасы шамамен 40-50 пайызға қымбаттады. Бізде де азық-түлік қымбаттап отыр. Бұл мәселені шұғыл шешуге қанша тырыссақ та, жағдайды өздеріңіз де көріп отырсыздар. Бір жағынан адамдарды босаңсытып жібердік, екінші жағынан сыбайлас жемқорлыққа жол беріп алдық. Бұл мәселемен түбегейлі айналысуымыз керек. Мен Үкіметке, Ауыл шаруашылығының жаңа министріне міндет жүктедім.


Б. Сатуов