Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

БҚО тұрғындары балаларын үйден шығаруға қорқады

AstanaTV
20.10.2021ж. 20:00
1978
БҚО тұрғындары балаларын үйден шығаруға қорқады

Батыс Қазақстан облысындағы Бәйтерек ауданына қарасты Достық аулының тұрғындары баламызды мектепке жіберу түгілі, үйден шығаруға қорқамыз дейді. Ата-аналардың айтуынша, 6-шы 9-шы сынып оқушыларын ересектер соққыға жығуды әдетке айналдырған. Бұл қылығын ауыл тентектері «тәрбие жұмысы» деп түсіндіріпті. Яғни, жасы кіші балалар үлкендерге ұдайы амандасып, сыпайы болуды талап еткен. Ал бұған көнбегендерді соққыға жығып, қалғандарын қорқытып-үркітуге кіріскен. Амалы таусылған ата-аналар полицияға да шағымданып, арыз жазыпты.

Наталья КОРКИНА, ЖӘБІРЛЕНГЕН ОҚУШЫНЫҢ АНАСЫ:

Балалардың денесіне дақ түсірмей, бүйрегінен, жұмсақ жерінен ұрады. Тіпті бетінен ұрғанда өзіне ыңғайлы болуы үшін оқушыларды жүрелеп отырғызып қойған. Ұлыма белгісіз біреулер телефон шалып, үйден жиі кетіп қалады. Кім шақырып жатқанын да айтпайды. Ұрғандардың ішінде жоғары сынып оқушылары, мектеп түлектері, тіпті студенттер де бар.

Ал мектеп директоры мұны теріске шығарды. Ата-аналар асыра сілтеді дейді. Бұл оқиғадан құқыққорғаушылар да хабардар. Жауаптылар білім ордасындағы жағдай бақылауда деп сендірді.

Светлана ГОЛУБЕВА, БӘЙТЕРЕК АУДАНЫ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІ «ДОСТЫҚ» ЖОМ ДИРЕКТОРЫ:

Бір-бірімен келіспей, сөзге келіп қалған. Соның ішінде бір-біріне бір-бір шапалақтан берген. Ол болған. Бірақ біз бұл мәселені көтеріп, содан кейін балалармен де сөйлестік, ата-аналармен де сөйлестік. Балалар бір-бірінен кешірім сұрап, өздерінің қателіктерін шешіп, сондай жағдай болды.

Е. Карин