$481.84 €531.33 ₽5.07
×

Елордада бүгіннен бастап онлайн санақ жүйесі қайта іске қосылды

AstanaTV
21.10.2021ж. 20:00
1579
Елордада бүгіннен бастап онлайн санақ жүйесі қайта іске қосылды

Қыркүйекте басталған онлайн санақтан қазіргі таңда 382 мыңнан астам Елорда тұрғыны өтіп үлгерген. Бүгіннен бастап, тұрғындардың өтінішімен онлайн санақ қызметі қайта іске қосылды. Ал 1-қазаннан бастап сұхбаттасушылар үй-үйлерді аралап, дәстүрлі түрде адамдарды тіркеуде. Бас қалада бұл бағыттағы жұмыстың қарқыны қалай? Әріптесім жалғастырады.

Биыл ұлттық халық санағы екі тәсілмен өткізілуде. Елорда халқының 32 пайызы санақты онлайн өткен. Соның бірі Дамир есімді азамат. Ол санақ мемлекет үшін ғана емес, әрбір тұрғын үшін де маңызды дейді.

Дамир НИЯЗБЕКОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Халық санағы біз үшін өте маңызды. Ол жалпы ел азаматтары туралы ақпарат береді. Демографиялық, саяси жағынан маңызы зор. Аудан бойынша қанша жұмыссыз тұрғын бар екенін, қанша мектеп, қанша балабақша керек екенінен хабардар етеді.


1- қазаннан басталған оффлайн халық санағы 31-қазанға дейін жалғасады. Елорданың әр ауданына жауапты бақылаушылар мен сұхбаттасушы азаматтар бөлінген. Айтуларынша, басында тұрғындар тарапынан түсініспеушілік болып, жұмыс қарқыны баяулаған. Кейін бәрі орнықты дейді.

Нұрғазы НҰРПАТТА, ИНТЕРВЬЮЕР:

Басында көптеген қиындықтар болды енді. Есікті ашпай, тұрғындардың көбісі түсінбей, сенбей жатты. Кейін түсіндіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін, қазіргі таңда барлығы жақсы. Барлығын тіркеп жатырмыз.

1 интервьюер 833 адамды тіркеуі керек. Орта есеппен бір күнде 20-25 пәтерді аралап үлгереміз дейді. Кейін ол нұсқаушы-бақылаушыға есеп тапсырады. Өзіне берілген мекен -жайды аяқтағаннан кейін, әр интервьюерге белгілі бір көлемде еңбек ақы төленеді.

Фатима БАЯНОВА, НҰСҚАУШЫ-БАҚЫЛАУШЫ:


Менің жауапкершілігімде 7 учаске бар.  Студенттер мен ересек адамдар да жұмыс істейді. Менде 6570 адам түркелу керек. Әр учсток өз мекен-жайын біледі.


Ұлттық статистика бюросының айтуынша елорда тұрғындары өте белсенді. Әлі өтпеген азаматтарды өзіне ыңғайлы тәсілмен санақтан өтуге шақырады.

А. Базарбай