$482.86 €533.17 ₽5.08
×

Заңсыз митингке шыққандар жазаланады - Қ.Тоқаев

AstanaTV
21.10.2021ж. 20:00
1373
Заңсыз митингке шыққандар жазаланады - Қ.Тоқаев

Президент заңсыз митингке шығатындарға қатысты ойын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев тәртіп бұзушылар енді шындап жазаланатынын түсіндірді. От ортасында әсіресе аналар көп. Мемлекет басшысының айтуынша, осындай әрекетпен олар қоғамдық тәртіпті бұзады. Аталмыш мәселе Қазақстан халқы ассамблеясының кеңейтілген отырысында талқыланды. Дәртүр бойынша жиын онлайн форматта өтті. Шарада өзге де маңызды жайттар талқыланды.

Ел ішінде әрбір 9-шы оқушы түрлі қорлыққа ұшырайды. Әлеуметтік желілерде балалар қорлығы жиі жарияланады. Бүгінгі өткен қазақстан халқы ассамблеясының кеңейтілген отырысында Кибер-буллинг талқыға түскен өзекті мәселенің бірі болды. Бұл проблеманы көтерген білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова кибербуллинг, мобинг - бір сөзбен айтқанда балаларды улау дейді. Ал, ел басшысы бұл тұрғыда мәселенің расымен маңызды екенін және буллинг салдарынан балалардың сабақ үлгерімі төмендейтінін айтты.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Ата-аналар балаларының жүріс-тұрысына және мектептен тыс немен айналысып жатқанын үнемі қадағалауға мүмкіндігі бола бермейді. Мұғалімдер де мұндай мүмкіндік жоқ. Біз солай балаларымыздан айрыламыз. Сол себепті  балалар спортын барынша дамытайық. Қазіргі таңда да бірнеше жұмыстар жүріп жатыр.

Барлық күшті пайдалы бағытқа жұмсаған дұрыс дейді Президент. Осы орайда, Қасым-Жомарт Тоқаев тарихты үйретіп, дәріптейтін тикток жобасын құруды және халықтық балалар театрын ашу ұсынысын қолдады. Содай-ақ, жаңа ұрпақ тәрбиелеуде аналар кеңесі де атсалысуы міндет. Олар бала тәрбиесіне және жасөспірімдердің кәсіптік бағдарын дұрыс таңдай білуге көмектеседі деп санайды мемлекет басшысы.  

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Мен барлық облыс әкіміне Аналар кеңесіне қолдау білдіруді тапсырамын. Расымен ана-отбасының негізі саналады. Ананың орны ерекше, біз мұны бәріміз білеміз. Сол себепті қоғамда анаға деген құрметті арттыру керек.

Сондай-ақ, қоғам алдында жауапкершілікті ұмытпау керек. Президент сөзінше, кейбір аналар заңсыз көтерілістерге шығып тәртіп бұзады. Бейбіт жиынға қатысты заңда алдын ала ескерту керектігі көрсетілген. Алайда, олар мұны да қиынсынады дейді.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Мен бұндай әрекеттерге заңды тұрғыда баға берілетінін ескертемін. Бас прокуратураның міндеті – азаматтарымызға аталмыш заңды түсіндіруді жалғастыру. Ал, құқық қорғау органдарының міндеті-заңға сәйкес қоғамдық тәртіпті қадағалау.


Арақатынасты жақсарту мекені Достық үйі болуы керек. Елдегі Достық үйлері халықтық бастамалары үшін ресурстық орталықтар және жобалық кеңселерге айналуы тиіс. Бұл этносаралық қарым-қатынаста қақтығыстардың болмауына көмектеседі.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Арандатушылар мен авантюристердің соңына ілесіп кетпеу маңызды. Дегенмен, біз әрекетсіз отырмыз деген сөз емес. Керісінше арандатушыларға кері жауап беру керек. Құқықтық әдістер мен және ақпараттық құрылғылармен қарсы тұруымыз қажет.

Сонымен қатар, Президент мемлекеттік тілді меңгеруге назар аударуды тапсырды. Этносаралық қатынас пен Қазақстан халқы ассамблеясының рөлін нығайтуды тапсырды. Президент жиынды  қорытындылай келе «Жаңғыру жолы» қозғалысын Ассамблея жанындағы республикалық жастар ұйымы ретінде қайта құру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Д. Жарқынбек