Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Темекі өнімдерін ашық сатуға тыйым салынса да, сатушылар оны елемейді

AstanaTV
22.10.2021ж. 20:00
1875
Темекі өнімдерін ашық сатуға тыйым салынса да, сатушылар оны елемейді

Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі заң жобасын қайта қарау қажет. «Nur Otan» партиясы жанындағы Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің мүшелері осындай ұсыныс айтты. Кеңес мүшелерінің айтуынша, құжатта «медициналық қатер» деген ұғым жоқ. Сондықтан, емдеудің нәтижесі көбінесе дәрігерлерге емес, ұйымның бюджеті мен жабдықталуына байланысты, дейді. Сонымен бірге, жиын қатысушылары Денсаулық сақтау министрлігіне сала қызметкерлерінің үстінен қозғалған қылмыстық істердің есебін және талдауын енгізуді ұсынды. Партия мүшелері өзгеріс болмаса, кадрлардың жұмыстан кетуі жалғаса беретінін жеткізді.

Лариса ПАВЛОВЕЦ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қосымша төлемдер, төлемдер, категориялар бойынша шатасулар болып тұрады. Менің ойымша, біз бұл мәселеге әлі бірнеше рет ораламыз. Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты құзырлы органдар, өңірлер мен салалар бойынша жалақыны бөлудің барлық ережелері мен тәртібі туралы барлық ақпаратты жеткізеді деп үміттенеміз.

Бұдан бөлек, кеңес мүшелері темекі өнімдерін ашық сатуға тыйым салу жайын  талқылады. Мониторинг көрсеткендей, сатушылар мұны елеп жатқан жоқ. Тауарларын сату үшін түрлі айлаларды қолданып жүр. Жәмила Садықова "жергілікті уәкілетті органдар да бұған көз жұма қарайды", дейді.

Жәмила САДЫҚОВА, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ҰЛТ ДЕНСАУЛЫҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл әрекет балалардың, жасөспірімдер мен жастардың аталмыш өнімге қызығушылық танытпауы үшін жасалады. Сондай-ақ, шылымды даналап сату, қыздырылған темекі мен вапаға таңдамалы көзқарас бар. Жалпы, міндеттелген ереже сақталмайды. Перделер ашылады және клиенттер мен балалардың қажеттіліктері үшін барлық темекі өнімдері анық көрінеді.



А. Данияр