Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Теңге шекара асып қай елдерге кетіп жатыр?

AstanaTV
22.10.2021ж. 20:00
1712
Теңге шекара асып қай елдерге кетіп жатыр?

Қазақстандықтар ақшаны қай елдерге жіберіп жатыр? Ranking.kz сарапшылары ең көп теңге қай мемлекеттерге аударылғанын анықтады. Көшті бастап тұрған Өзбекстан. 8 айда 191 миллиард теңге осы елге жөнелтілген. Түркияға 127 миллиард, ал Ресейге 122 миллиардтан астам теңге аударылған. Мұнан соң, Қырғызстан, Қытай тұр. Сарапшылар бұл есепті Ұлттық банктің ақша аударымдары жүйесі бойынша есептеп шыққан. Қаңтар-тамыз аралығында халықаралық аударымдар арқылы жіберілген қаражатының жалпы көлемі 644 миллиард теңгеден асқан. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 40,4 пайызға көп. Ал, бізге ақша ауадарғандардың көшін Ресей бастайды. 39 млрд теңге келген, бірақ бұл өткен жылмен салыстырғанда 22 пайызға аз көрінеді. Мұнан соң Өзбекстан, Оңтүстік Корея тұр. Содан кейін Қырғызстан, АҚШ көшті жалғайды. Осылайша шекара асқан қаражат көлемі, алынған сома көлемінен 3,5 есе асып түсті.


А. Қуаш