Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Жас жеткіншектер танымал болу үшін аса қауіпті әрекеттерге барып жүр

AstanaTV
22.10.2021ж. 20:00
1953
Жас жеткіншектер танымал болу үшін аса қауіпті әрекеттерге барып жүр

Елордалық үш жас жігіт әлеуметтік желідегі трендті қайталаймын деп жаза арқалай жаздады. Олар қаланың қақ ортасындағы көпірге шығып фотосурет түсіргісі келген. Бірақ бұл, лайк пен пікірге құмартқандардың арасында тіркелген бірінші жағдай емес. Бұдан басқа тик ток қолданушылары да "қызықты" видео үшін жанқиярлық әрекет жасаған.

Елорданың қақ ортасындағы көпірде ерекше сурет түсірмек болғандар ұсталды. Қабанбай батыр даңғылындағы көпірде 18-19 жас ар алығындағы жас жігіттер ерекше сурет түсіріп, желіге жүктемекші болған. Алайда полиция өкілдері келіп, оларды тоқтатып, түсіндірме жұмыстарын жүргізген.

НҰР-СҰЛТАН қ. ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
 
Құқық бұзушылардың айтуынша, олар Нұр-Сұлтан көрінісін суретке түсіру үшін осындай әрекетке барған. Оларға әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, профилактикалық әңгіме жүргізілді.


Ал бұл кадрда, желідегі жеткіншектер аялдамада қоғамдық көлік жүргізушісінің ашуына тиген. Алдымен аялдамада автобус күткен сыңай танытып, тоқтаған бойда бірінің арқасына бірі мініп, қашып кетеді. Мақсат тик-токта танымал болу үшін ғана.

Ал, мына жігіттер, инстаграм желісінде топ құрып, тапсырма беру арқылы, қауіпті әрекетпен айналысып жүр. Яғни тек хайп пен лайк үшін кез-келген әрекетке дайын екенін көрсетеді.

Жас жеткіншектер арасындағы мұндай құбылыстар танымал болуға асығатындардың әрекеті. Психолог осындай баға берді.

Ғалияш МАҚАШОВА,ПСИХОЛОГ:


Трендтегі видеоларды түсіру арқылы бірінші себебі бұл түбі бұл материалдық құндылыққа ұмтылу қазір біз өкінішке орай ересектер өзіміздің балаларымызға моральды құндылығының жоқ екенін көрсетіп жатырмыз, материалды дүниелерге қатты ұрынып жатырмыз.

Әсел ДҮКЕМБАЕВА, ТІЛШІ:
 
Аса қауіпті әрекеттерді қайталаудың соңы жақсылыққа жетелемейтінін бәріміз білеміз. Ақша табудың оңай жолы мен кез келген дүниені сайқымазақ ету жастардың санасын улап жатқанды да ескеру керек.  Ал бұған тағы бір себеп - назардан тыс қалғандар аяқ астынан "жұлдыз" болғысы келетініндер. Мамандар, мұндай қауіпті трендтерге қоғам тарапынан шектеу қойған жөн деп санайды.


Ә. Дүкембаева