Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Ақтөбеде мектеп директорының орынбасары жұмыстан қуылды

AstanaTV
26.10.2021ж. 20:00
1246
Ақтөбеде мектеп директорының  орынбасары жұмыстан қуылды

Ақтөбеде сабақ аяқталмай,  жертөледе дезинфекция жасауға рұқсат берген  мектеп директорының орынбасары қызметінен босатылды. Облыстық білім басқармасының басшылығы №9 мектеп-гимназиясында болған жағдайды сараптай келе, бұған директор емес, оның орынбасары кінәлі деп шешті. Естеріңізге салайық, осыдан 10 күн бұрын білім ордасының жертөлесінде оқушылар сабақтан қайтпаса да шыбын-шіркейді улау жұмысы қолға алынып, улы түтін жоғары қабаттарға көтерілген. Салдарынан, түстен кейін оқитын балалар шошынып, дүрлігіп, сыртқа жүгірген болатын.  

Нұргүл БЕРТІЛЕУОВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 
Каникулдың кезі емес, нақты сабақ процесі кезінде өткізгені үшін мектеп директоры және қалалық білім бөлімінің басшысына қатаң тәртіптік жаза қолданылды қатаң сөгіс түрінде. Және басы-қасында болған мектеп-гимназияның директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары жұмыстан босатылды.

Г. Сейтенова