Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Оралда оқушы қызды джип қағып өлтірді

AstanaTV
26.10.2021ж. 20:00
1202
Оралда оқушы қызды джип қағып өлтірді

Оралда 5-кластың оқушысын көлік қағып  өлтірді. Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 9 жастағы қыз  жолдан жүгіріп өтемін деп машина  дөңгелегінің астына түскен.

Ауыр жарақат алған жеткіншек облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілген. Бірақ ес жия алмай, сол жерде көз жұмыпты. Ал полиция жүргізушінің ішімдік ішпегенін айтады.  

Лунара АМАНҒАЛИЕВА, БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ:
 
Сотқа дейінгі тергеу басталды. Сондай-ақ тергеу аясында осы фактіге сәйкес тиісті сараптамалар тағайындалатын болады. Полиция департаменті марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Адам өлімімен аяқталған тағы бір жол-көлік оқиғасы Алматы облысының Талғар қаласында болды. Жол жиегімен келе жатқан 18 жастағы жігітті жеңіл көлік таптап өткен. Жантүршігерлік апаттың видеосы әлеуметтік желіде тарады. Бейнеде көлік жүргізушісінің жаяу жүргіншіні қаққаннан кейін бой тасалағанын  аңғаруға болады. Полиция Департаменті  қашқын күдіктіні қолға түсіргенін хабарлады. Уақытша ұстау изоляторына қамап, қылмыстық іс қозғаған.

Е. Карин