Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қостанайда ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерінің күні аталып өтілді

AstanaTV
27.10.2021ж. 20:00
879
Қостанайда ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерінің күні аталып өтілді

Еге білсең, егін тасқа да бітеді. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан қостанайлық диқандар  қамбаға 3 миллион тоннадан астам астық құйды. Екі жүз мың тонна майлы дақыл жинады. Жиын-терімді толайым табыспен аяқтаған еңбеккерлер бүгін  ерекше құрметке бөленді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орайластырылған  думанды шарадан  әзірленген тілшіміз Заңғар Санайдың репортажы.

 Қуаңшылыққа қарамастан аймақ шаруалары  әр гектардан 7,2 центнер өнім алды. 219 мың тонна майлы дақыл жиналды. Өткен жылдармен салыстырғанда өнімнің салмақ үлесі аз болғанымен  сапасы жоғары дейді диқандар. Биыл аймақтың  агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 38 миллиард теңгеден астам ақша бөлінген. Ал мемлекеттік бағдарламаның арқасында соңғы жылдары  ауылдар көркейіп, туған өлке түлей түскен.

Архимед МҰХАМБЕТОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
 
«Ауыл  ел бесігі» бағдарламасы бойынша  ауылдардың инфрақұрылымын жақсартуға 14,4 миллиард теңге бағытталды. Сол арқылы 216 жоба жүзеге асырылды. Ал егер басқа бағдарламаларды ауылға бағытталған осыған қосар біз  болсақ, онда соңғы 3 жылда 100 миллиард тегеден астам жұмсалып  отыр.

Азат Міштәри  4 жыл бұрын ауылдағы азаматтардың басын қосып кооператив құрған. Төмен пайызбен 24 миллион теңге несие алып, сауын сиыр  сатып алды. Қазір кооператив еншісінде  екі жүзден астам сиыр бар.10 айда 848 тонна сүт өндірдік дейді.

Азат МІШТӘРИ, «БОЛАШАҚ-2017» КООПЕРАТИВІНІҢ  ТӨРАҒАСЫ:


Кооператив құрғанның ең тиімді жолы үкіметтік қолдауы бар. Мысалы  үкімет субсидия береді сүтке.Әрбір литр сүтке 10 теңгеден.Осыны адамдарға мысалы сүттің бағасы 100 теңге болса 10 теңге қосып төлейміз.Сонда 120 теңге. Сондықтан халық риза.

Төрт түлік түлетіп отырған  шаруалар мал азығын жеткілікті дайындап алғанын айтады.Жалпы биыл аймақта мал шаруашылығын қолдауға 8 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген.

Григол КАПАНАДЗЕ, «КАПАНАДЗЕ Г.Л.» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Сүт фермасына өз қаражатымнан 100 миллион теңге жұмсадым. Мемлекет қолдау көрсетуде.  Қажетті құрал-жабдықтарды,сауын сиырларда жеңілдетілген несиемен алдым.

Кәнігі диқандар мен білікті мамандар саланың жетістіктері мен қатар түйткілдерін де түгел  тізбектеді. Қуаңшылықтан бидайы бітік шықпаған шаруаларға  несие мерзімі кейінге шегерілгені белгілі болды. Мерекеге орай  сегіз диқан  «Еңбек ардагері» медалімен  марапатталып, тағы он төрт еңбеккер  ауыл шаруашылығы саласының үздігі атанды. Сондай-ақ бірқатар азаматқа  министрлік пен облыс әкімінің алғыс хаттары табысталды.

З.  Санай