Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Нобель сыйлығының лауреаттары дәріс оқиды

AstanaTV
26.10.2021ж. 20:00
926
Нобель сыйлығының лауреаттары дәріс оқиды

Қазақстандықтар әлемдік  ғылым саласы  үздіктерінің  дәрісін тыңдай алады. Бүгін Елордада Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен  Nobel Fest ең ірі ғылыми-білім беру іс-шарасының ашылу салтанаты өтті. Форум аясында үш күн бойы  Нобель сыйлығының лауреаттары  отандық білім ордаларының оқытушылары мен  студенттеріне онлайн лекция оқиды. Білімін кеңейтемін деген еліміздің өзге азаматтарының да шараға қатысуға мүмкіндігі бар.  Мамандар жылдан жылға  жаңа мамандықтардың пайда болуына  байланысты жас ұрпақтың келешекте жаңылыспай, дұрыс бағыт алуына бұл үлкен көмек  дейді. Айта кетейік, форум елімізде үшінші мәрте өткізілуде. Биыл Нобель фестивалі Дүниежүзілік Ғылым күні қарсаңында 4 негізгі бағыт бойынша өтеді. Олар: Жасыл шындық, Инновациялар ғасыры, Адамдар үшін экономика, Болашақ мамандықтары. Сондай-ақ, бұл жолы Apple Siri құрушысы, Microsoft, Google, SAP және басқа ірі халықаралық корпорациялардың басшылары мен жетекші  сарапшылары дәріс оқымақ.  

Серік НҮГЕРБЕКОВ, G-GLOBAL ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ, ФОРУМ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ:

Жаңа мамандықтар пайда болып жатыр, сол үшін бүгінгі форум мынау мектепте оқып жатқан оқушыларға, колледжде, университетте  оқып жатқан, жалғыз оларға емес , орта буын үлкен буынның өкілдері осы білімді алып, болашақта қандай мамандық болу керек, қандай мүмкіншіліктері бар соны осы спикерлерден толық ақпарат ала алады.


Д. Жарқынбек