Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Вайнерлер жаппай жарнамалаған қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы ұсталды

Вайнерлер жаппай жарнамалаған қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы ұсталды

Көп асқанға-бір тосқан. Вайнерлер жаппай жарнамалаған қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы Алматыда ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.  40 жастағы «Мудараба капитал» компаниясының басшысы қазір уақытша ұстау изоляторында отыр.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-ші бабының нормаларына сәйкес ол уақытша оқшаулау абақтыға қамауға алынды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасу үстінде.


Сондай-ақ Полиция осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен тағы 4 адамды анықтаған. Оның 3-еуі сот санкциясымен қамауға алынған. Айта кетейік, бір топ салымшы сәуір айында алданғандарын айтып шағымданған болатын. 160 салымшы 2 млрд теңгеге жуық ақшасын «Астекс» компаниясына аударған. «Мудараба капитал» мекемесі екі ортада делдал болған.

Ә. Лесбек