Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

СҚО тұрғындары жабайы сілеусінді кездестірген

AstanaTV
27.10.2021ж. 20:00
1662
СҚО тұрғындары жабайы сілеусінді кездестірген

Солтүстік Қазақстан облысындағы Уәлиханов ауданының тұрғындары жабайы сілеусінді кездестірді. Қыр басындағы жыртқыш аңды, ұялы телефонға түсіріп алған. Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Мысық тектес ірі жабайы аңнан жүрексінгендіктен, жұрт көліктен шықпаған. Ал табиғатты қорғау басқармасының өкілдерінің айтуынша,  сілеусін солтүстікке тән. Қызылжар өңірінде қазір 16 сілеусін бар,- дейді. Оның басым бөлігі ну орманда мекендейді. Ал бейнежазбаға түскен жас сілеусін, жаңа орын іздеп жүрген болар, деп топшылайды.

А. Құрманкин