Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қарағандыда бүгін қалааралық автобустар рейске шықпай қойды

AstanaTV
28.10.2021ж. 20:00
1820
Қарағандыда бүгін қалааралық автобустар рейске шықпай қойды

Бүгін Қарағандыда №3 автопарк жеті бағыт бойынша облыс ішінде жолаушы тасымалдайтын автобустарды жұмысқа шығармай қойды. Олар  өз шығындарын жабу үшін қосымша қаражат талап етуде. Салдарынан Саран, Теміртау, Абай, Шахан, Шахтинск, Топар шаһарларының тұрғындары таңертең жұмысқа келе алмай қалды. Облыс орталығына қатынап, жұмыс  істейтіндер такси таппай әбігерге түсті. Ал таксистер бағаны  екі есе көтеріп жіберген.     Бұған дейін әкімдік автопаркке жанар- жағармай, жалақы және басқа да ілеспе шығындардың 30 пайызын субсидиялаған.  Алайда дизель отынының қымбаттауына байланысты ол қаражат аздық еткен көрінеді.  Облыс әкімдігі үнемдеу есебінен қаржы тауып автобустарды бүгін  біртіндеп рейске шығаруға тырысуда.  Ал субсидиялауды ұлғайту мәселесі келер жылы қаралады.

Ескендір МЫҢБАЕВ, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Көптеген автобустар жүрмей қалды. Қарағанды- Саран,  Қарағанды- Шахтинск. Көптеген адамдар жұмыстарына келе алмады. Таксидің бағалары қымбаттады.Үкіметте отырған адамдар должны правильно планировать бюджет, распределять правильно.  

Қазбек МАҚЫШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:


Дизель отынының қымбаттауына байланысты автопарктің шығындары өскен және сол дизель отынын алуға , жанар- жағармай алуға қаражат жеткіліксіз  болу себебінен болып отыр негізі. Жалпы биыл біз барлық ауданаралық және қалалық бағыттардың  шығындарын өтеуге бюджеттен 950 млн теңге қарастырған болатынбыз. Ал жалпы маршруттар бойынша шығындар  сомасы 4 млрд- тан астам соманы құрайды, оның ішінде 2 жарым млрд-ы 3- інші автопарктің шығындары.


А. Қуаш