Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Президент жанар-жағар майдың тапшылығына жол берген басшыларды сынға алды

Президент жанар-жағар майдың тапшылығына жол берген басшыларды сынға алды

Мемлекет басшысы Энергетика министрін қабылдады. Кездесу барысында, қазір ең өзекті болып тұрған жанар-жағар май жайы талқыланды. Президент елімізде сұйық отын қорының  бірден азайып кетуіне жол бермеу қажет екенін атап өтті. Сонымен бірге, ішкі нарықтағы жағдайдың ушығуына жол берген  ведомстволардың жұмысын сынға алды.   Мағзұм Мырзағалиевтың айтуынша,  тапшылықты жою үшін бір қатар шара қабылданған. Ресейдің Энергетика министрлігімен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Жоспар бойынша, көрші мемлекеттен 150 мың тоннаға жуық дизель импортталады. Қазір жағдай тұрақталып келеді, деді министр.

А. Данияр