Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Елімізде коммуналдық қызмет құны 6 пайызға өсті

AstanaTV
29.10.2021ж. 20:00
1647
Елімізде коммуналдық қызмет құны 6 пайызға өсті

Қазақстанда бір жылда коммуналды қызметтердің бағасы 6 пайызға өскен. Finprom-ның мәліметіне сүйенсек, биыл тоғыз айда су, жарық, газ ақысы қымбаттаған. Бұл ретте мемлекет реттейтін қызметтер 3 пайызға көтерілген. Толығырақ тілшіміз тарқатады.

Сарапшының айтуынша биыл инфляция 12 пайызға  көтерілді. Соның ішінде коммуналды қызметтер бағасының бірі мемлекет тарапынан реттелсе, бірі өндірушінің қалауымен қойылады. Алайда халыққа ұнаймыз деп бұл қызметті арзандатсақ, сапасы сәйкесінше төмен, ал қызметкерлердің айлығы мардымсыз болады дейді.

Сапарбай ЖОБАЕВ,  САРАПШЫ:

Монопольды қызметтерді , коммуналды қызметтерді атқаратын кәсіпорындардың пайдасын да ойлау керек. Яғни оларға мүмкіндік беру керек. Сол бағаны көтеріп, олардың пайда тауып, инвестицииялық жаңа қондырғылар алуына мүкіндік жаратып беру керек. Тек қана шектеп, осы біздің халық жақсы көрсін деген әшейін бір ұрандатумен шектеп отыра беру керек емес.  


Дегенмен, ай сайынғы түбіртек бойынша төлейтін қызметтерге келсек, айтарлықтай айырмашылық бар.  Мәселен, реттелмейтін қызметтер, соның ішінде қоқыс шығару бірден 15%-ға қымбаттаса, домофон компанияларының қызметі 3,2%-ға көтерілген, ал мемлекетпен қадағаланып отырған ыстық судың құны болар болмас қымбаттаса, жылу керісінше арзандаған. Бұл ретте мемлекет реттейтін қызметтер сегментінде баға айтарлықтай өспегенін байқау қиын емес.  Реттеліп көрсетілетін қызметтер саласында тұрғындардың құқықтары заңмен бөлек қорғалады. Ал лифт, қоқыс, домофон сияқты қызметтер бағасын пәтер иелері копперативі өзі қояды.

Ақан ТАШПАНОВ, ҚР ҰЭМ ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Сумен қамтамасыз ету саласында республика бойынша орташа өсім 2,4%-дан, су бұру бойынша 2%-дан аспады. Республикада электрмен жабдықтау саласында өсім 10%, газбен жабдықтау саласында 6% шегінде тіркелді.Бұл ретте электр энергиясы мен газбен жабдықтау бағасының өсуі тікелей электр энергиясын өндірушінің бағасына, ал газда тауарлық газдың көтерме бағасына байланысты.


Сондай-ақ биыл пәтер жалдау ақысы 13 пайызға, тұрғын үйді жөндеу мен күтіп ұстау 8 пайызға көтерілген. Тұрғын үй нарығында  жаңа үйлер   10,8 пайызға, қайталама нарықта 23 пайызға  қымбаттаған. Елімізде қымбаттамаған ештеңе қалмады.

А. Базарбай