Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Алматылық оқушылар сыныптасының өлімінен соң наразылыққа шықты

AstanaTV
29.10.2021ж. 20:00
1848
Алматылық оқушылар сыныптасының өлімінен соң наразылыққа шықты

Алматыда кеше жұмбақ жағдайда өз-өзіне қол салған жасөспірімнің  сыныптастары наразылыққа шықты. Мектепке жаппай белдемше киіп барған олар шараны әдейі ұйымдастырғанын айтады. Өйткені 11-ші қабаттан секіріп, көз жұмған жеткіншектің  қазасына дәл осы белдемше себеп дейді.  Толығырақ тілшіміз Әсем Лесбек тарқатады.

Мектепке жаппай белдемше киіп келген оқушылардың  суреттері  әлеуметтік желіде тарады. «Киімде жыныс жоқ» деген ұранмен  олар наразылыққа шыққан.   

«Киімде жыныс жоқ» деген сөздер арқылы біз өзіміздің құқығымызды қорғағымыз келді. Мектеп әкімшілігінің мұғалімнің, тағы да басқа адамдардың бізді қорлауына жол бермейміз. Намысымызды таптауға ешкімнің қақысы жоқ.

Оқушылар мұндай акцияны барлық  Назарбаев зияткерлік мектептерінің  оқушыларымен ұйымдастырдық дейді. Шараға 150 ден аса оқушы қатысып, 70 оқушы белдемше киді дейді. Себебі оқушының өз өзіне қол жұмсау жағдайы мектепте бұған  дейін де болған көрінеді.

Дариға ЖАҢАБАЕВА, АЛМАТЫ қ. ФМБ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ТҮЛЕГІ:


Мен осы мектепте оқыған кезде де өзін-өзі өлтіру оқиғасы болған.  Кешегі қаза болған Сергей Киммен мен бір лагерьде болғанмын. Оның өліміне белдемше себеп болғаны рас. Кураторы ұрсып, кейін психолог пен ата-анасына айтқан.

Ал мектеп әкімшілігі оқушылардың бұл әрекетіне қатысты жауап айта алмаймыз дейді.

Перизат ОРАЛБАЙҚЫЗЫ, АЛМАТЫ қ. ФМБ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Балалар науқанға шықты. Өздерінің әлеуметтік желілеріне фото жүктеді. Бірақ та біз мектеп тарапынан оларға ешқандай қысым көрсетіп жатқан жоқпыз. Негізінен мектептке балалармен ашық түрде диалогтар өткізіліп тұрады.

Оқушылар мектеп әкімшілігі өздеріне түсіністікпен қараса дейді. «ұлдардың ұзын шаштары/ тырнақтары болмауы керек» деген ұғымды алып тастаса дейді. Айта кетейік, Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы 11-қабаттан секіріп, көз жұмғаны туралы кеше ақпарат тарады.    8-ші сынып оқушысы  мұндай қадамға «күзгі бал» кешінен кейін барды деген болжамдар бар. Балалар  құқықтарын қорғау комитеті тергеудің нәтижесін күтуді сұрайды.


Ә. Лесбек