Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Елордада «ТеатрALL» фестивалі басталды

AstanaTV
29.10.2021ж. 20:00
1223
Елордада «ТеатрALL» фестивалі басталды

Елордада театр фестивалі басталды. «ТеатрALL» апталығы барысында түрлі жанрдағы 20 қойылым көрермен назарына ұсынылмақ. Қойылымдарды "Астана Опера" театрында тамашалауға болады. Ұйымдастырушылар бұл  шара театр актерлері үшін 1 жарым жылдық карантиндік үзілістен кейін ерекше маңызға ие,- дейді.

Бас қаладағы Астана Опера театры "ТеатрALL" халықаралық фестивальінінің тұсауын кесті. Фестивальға жан-жақтан келген өнер ұжымдары 20 шақты қойылым дайындап әкелген. Театр актерлері бір апта бойы көрермендерді шығармашылығымен қуантпақ.
 
Ауқымды шараға қала әкімшілігі, мәдениет және спорт министрлігі мұрындық болды.

Алтай КӨЛГІНОВ,  НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Мемлекет бюасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей бүгінде жас және талантты мүсінші, суретші, театр майталмандары, музыканттар мен ақын жазушылардың арқасында Қазақстандық мәдениет жаһандық деңгейде орын табуда. Фестивальдің басты мақсаты еліміздің театр өнерін дамыту және қолдау.


Ауқымды іс-шараның құрметті қонақтарының қатарында 50 жыл бұрын "Қыз Жібек" фильмінде ойнаған Асанәлі Әшімов пен Меруерт Өтекешова да бар. Салтанатты рәсімнен кейін, дәл осы тарихи қойылым қонақтарға ұсынылды.  

Асанәлі ӘШІМОВ,  ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ, ҚАЗАҚСТАН ТЕАТРЛАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
 
Мен ойлаймын бұл енді жылда өту керек. Бұл театрға да жақсы, халыққа да жақсы. Өнердің өсуіне де жақсы. Өнер деген, театр деген жарыс. Бір-бірінен қалмауға тырысады, бір-бірінен артық болуға тырысады.


Фестиваль аясында актерлік шеберлік сағаттары да өткізілмек. Сонымен қатар, заманауи бейнекөрмелер ашылмақ. Аталған байқауға Мәскеуден келген әртістер де қатысуға ниет білдірген.

Асхат МАЕМИРОВ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, "МУЗЫКАЛЫҚ ЖАС КӨРЕРМЕН" ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:


Елордамыз да "ТеатрALL" халықаралық театр фестивальінінің елордамыздағы театрлардың өзінің шымылдығын ашып жатыр. Бұл фестиваль ең бірінші кезекте шығармашылық әлеуетін көрсетеді. Өнер әлемінде жаңа есімдерді, жаңашылдықты, ізденістерді  ту еткен жастарды халық алдына шығару үшін керек.

Фестивальдің басты мақсаты - театр мектебінің салтын сақтау және жаңа заманауи сахналық тілді табу. 1-қараша күні ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, актерлерге 30 номинация бойынша «ТеатрALL» бірінші театр сыйлығы табысталады.

Д. Жарқынбек