Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Нұротандықтар экологияға қатысты өзекті мәселелерді талқылады

AstanaTV
01.11.2021ж. 16:47
1043
Нұротандықтар экологияға қатысты өзекті мәселелерді талқылады

Атырауда  ауыз су тазартуда  өте  ескі әдіс  қолданылады. Экологиялық маңызды нысандарды аралаған республикалық мониторингтік топ мүшелері қос хлорлау технологиясымен жұмыс істейтін су тазарту жүйесіне алаңдаушылық  білдірді.  Мониторингтік топ алдымен «Атырау су арнасы» мекемесінің су тазарту құрылғысы мен  кәріз суларын тазарту жүйесінің жұмысымен танысты. Кейін «Nur Otan» партиясының Атырау облыстық филиалы алаңында өңірдің экологиялық мәселелерін кеңінен  талқылады. Өндірістік өңірде бұл орайда шешімін таппаған мәселе көп.

Болат ҚАСЫМОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ  РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРНАЙЫ МОНИТОРИНГТІК ТОП  ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
 
Мені қатты алаңдатқаны -  су тазарту станциясының әлі күнге дейін  кеңестік кезеңдегі ескі технологиямен жұмыс істеп тұрғаны. Меніңше, бұдан  тіпті Африка елдерінің өзі бас тартты.  Бұл -қос хлорлау технологиясы. Суды қабылдау сатысында және фильтрлік тазалаудан соң да суды хлорлайды. Су құрамында органика бар, хормен байланысқан кезде консорегенді зат түзіледі. Бұл Атырау халқының денсаулығына кері әсер етері сөзсіз. Мендегі ақпарат бойынша, жоба жасақталған, оның қандай жоба екенін әлі де анықтау керек. Біздің мақсатымыз жобалық шешімдердің сапасын жақсарту.


Биыл Атырау қаласы бойынша 152 рет ауаның күкіртсутегімен ластануы, 4 экстремалды жоғары ластану жағдайы ы тіркелген.  Ауаның негізгі  ластаушы көздері  қала маңында орналасқан ірі кәсіпорындармен қатар,  «Сары өзек», «Квадрат» булану алаңы, қалдықтар полигоны. Алқалы жиынға қатысушылар сондай-ақ  Каспий теңізі мен Жайық өзенінің тартылуына байланысты бірқатар ұсынысты  ортаға салды. Айта кетейік,  былтыр қыркүйек айында қоршаған ортаны жақсарту мақсатында  40 тармақтан тұратын «Жол картасы» әзірленген. Оның орындалуы  қатаң бақылауда.

Б. Нәдірқызы