Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Елімізде мұғалімдерге сұраныс жоғары

AstanaTV
01.11.2021ж. 20:00
1351
Елімізде мұғалімдерге сұраныс жоғары

Елімізде колледж  оқытушылары жетіспейді.  Бұл туралы "Nur Otan" партиясы жанындағы білім және ғылымды дамыту жөніндегі   қоғамдық  кеңес отырысында  Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова айтты. Қазір еліміздегі 770 техникалық және кәсіби білім беру орталығында  40 мың педагог қызмет етеді. Дегенмен, техникалық және кәсіптік мектептерде әлі екі жарым мың маман тапшы.   Сондай-ақ тағы бір өзекті мәселе - колледж түлектерінің  жартысынан астамы мамандық бойынша жұмыс істемейді. Кеңес мүшесі Дәулет Арғындықовтың айтуынша,   бастауыш сынып мұғалімдері, орта сыныптар үшін пән мұғалімдеріне сұраныс жоғары.  18 мыңға жуық педагогикалық бос жұмыс орны бар дейді.   Ал алдағы жылдары кадрлар қажеттілігі тіпті артады.

Жанна ҚҰРМАНҒАЛИЕВА, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
 
Басты назарда ұстаймыз бұл мәселелерді. Әрдайым жүйелі түрде өзінің әрбір, әрбір тапсырманы, әрбір шараны орындауға бағытталған іс-жоспарларымыз бар.


Д. Жарқынбек