Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасы талқыланды

AstanaTV
01.11.2021ж. 20:00
1286
Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасы талқыланды

Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиялық құжаттың жоба ұсынылды. Стратегиялық құжат арнайы комиссияның кеңейтілген отырысында жан-жақты талқыланды. Тұжырымдама бес жылға арналған. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Сыбайлас жемқорлыққа қызмет әзірлеген жоба 7 бөлімнен тұрады.

Жоба авторлары стратегиялық құжатты дайындау барысында, шетелдік тәжірибе мен халықаралық стандарттарға сүйенгендерін айтады. Сондай-ақ, қоғамдық кеңес мүшелері, сарапшылар пікірі мен азаматтардың ұсыныстары да ескерілген деді.  

Арман РАХИМОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША СЖҚІҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Соңғы екі жылда Президент бірнеше сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалық өзгерістерді енгізді. Агенттіктің басым бағыттарының бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою болып табылады.Тұжырымдама да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі стратегиялық құжат, яғни еліміздің жарқын болашағы мен әрбір азаматы үшін маңызды рөл атқаратыны анық.

Арман Рахимов жобаның мақсат-міндеттеріне де тоқталды. Басымдық адал бизнесті дамытуға беріліп отыр. Сонымен қатар, мектептер мен жоғары оқу орындарында, жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға шақырады. Құжаттың бесінші бөлімінде жемқорлыққа қарсы саясатты одан әрі дамыту пайымы баяндалған. Онда БАҚ өкілдерінің құқығын қорғау қызметін жетілдіру мәселелері де көтерілді.

Айдос  ЖАҚИЯЛИН, ОБЛЫСТЫҚ СЖҚІҚ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте, бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін күшейту үшін  журналисттің құқығын қорғау, сонымен қатар ақпарат таратушылардың қорғау бойынша шаралар қабылданатын болады.

«Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Самира Тайтенова , жиналғандарға жергілікті атқарушы органдардың жүргізіп жатқан кешенді жоспарының орындалу ретін баяндады. Айтуынша, жұмысты атқару барысында келеңсіз жағдайға тап болған.

Самира ТАЙТЕНОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ СЖҚІҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ШТАТТАН ТЫС КЕҢЕСШІСІ:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қамтитын бюджет жыл сайын жасақталынады. Ішкі саясат бөлімі бұл бағытты қолдады, қаржы бөлінді, бірақ, өкінішке орай, өз жұмысына салғырт қарайтын адамдарға тап болдық.


Call орталықтың жұмысын жетілдіріп, мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссарлар институтын енгізу қажеттілігіне тоқталды.  Өңірдің мемлекеттік орган басшылары, қала мен аудан әкімдері, мәслихат депутаттары мен қоғам қайраткерлері қатысқан жиын стратегиялық құжаттың өзектілігін сөз етті.

А. Дүкембаева