Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қостанай облысында тұратын Ресей азаматшасы қос елден зейнетақы алған

AstanaTV
02.11.2021ж. 20:00
1179
Қостанай облысында тұратын Ресей азаматшасы қос елден зейнетақы алған

Қостанайдағы көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері 6 жыл бойы заңсыз зейнетақы алған адамды анықтады. Зейнеткер 16 жыл бұрын Ресей азаматтығын алған. Алайда Тобыл өңірінде тұрған.
Кейуана әуелі Ресей Федерациясынан зейнетақы алуға қамданған. Кейін 2015 жылы Қарасу аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөліміне құжат тапсырған. Сөйтіп соңғы 6 жыл бойы екі елден де  зейнетақы алып келген. Бұл дерек аудандық бөлім мен көші-қон қызметкерлерінің бірлескен жұмысы барысында анықталып отыр. Енді 64 жастағы қарт ана, қазынаға бес миллион теңгеден астам қаражатты қайтаруға міндеттелді.

Ренат СЫЗДЫҚОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ПД КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Аталған факті бойынша азаматша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңды бұзғаны үшін 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде  айыппұл салынды.


З. Санай