Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Өңірлердің салғыртығынан екі жылда балаларды емдейтін дәрігер болмай қалуы мүмкін ,- Nur Otan

Өңірлердің салғыртығынан екі жылда балаларды емдейтін дәрігер болмай қалуы мүмкін ,- Nur Otan

Биыл ел аумағындағы аудандық ауруханалар мен перзентханалар қажетті жабдықпен 77%-ға қамтамасыз етілген. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы жанындағы Ұлт денсаулығы мәселелері  республикалық қоғамдық кеңес отырысында айтылды. Сондай-ақ, медицина мамандарын даярлауға арналған гранттар мен білім беру бағдарламаларының санын арттыру жайы сөз болды.

Ажар ҒИНИЯТ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Биыл 1000 дана босандыру жабдығы, 75 рентген аппараты және 16 компьютерлік томография сатып алынды. Сонымен қатар, арнаулы салаға бейінделген мамандарды даярлауға гранттар бөлу кезінде өңірлердің өтінімдеріне сүйенетінімізді атап өткім келеді. Мысалы, педиатрлар бойынша резидентурада оқуға 111 өтініш түсті.


Алайда кеңес төрағасы, Мәжіліс депутаты Лариса Павловец арнаулы салаға бейінделген медициналық мамандарға деген облыстардағы сұраныстың аздығына алаңдаушылығын білдірді. Оның паймынша алдағы 2 жылда педиатр мамандарына тапшылық болуы мүмкін.

Лариса ПАВЛОВЕЦ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Педиатрлар іс жүзінде жоқтың қасы, енді екі жыл ішінде балаларымызды емдейтін ешкім болмайды. Осы 111 адамның барлығы өз мамандығы бойынша жұмыс істейтініне кім кепілдік бере алады? Жергілікті жерлердегі денсаулық сақтау басқармалары гранттарға өтінімдер беру кезінде барынша мұқият болуы керек деп ойлаймын.


Б. Сатуов