Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Тобыл өңірінде көлік басқарған жасөспірім қаза тапты

AstanaTV
04.11.2021ж. 20:00
1368
Тобыл өңірінде көлік басқарған жасөспірім қаза тапты

Қостанай облысында жыл басынан бері 71 адам жол көлік апатынан көз жұмған. Бұл былтырмен салыстырғанда 40 пайызға көп. Жергілікті полицейлер көлік тізгіндеуші көпшілікті тағы да сақ болуға шақырады. Он айдың ішінде облыс көлемінде 312 жол көлік апаты тіркеліп, 370 адам зардап шеккен. Жуырда ғана Меңдіқара ауданында жүргізуші куәлігі жоқ бозбала көлік тізгіндеп, жол апатына түсті. 17 жастағы жолаушы қайтыс болып,тағы біреуі  ауруханаға жатқызылды. Полиция қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Аймақ сақшылары келесі аптадан бастап «Қауіпсіз жол» жедел алдын-алу шарасы аясында патрульдік қызметті күшейте түсетінін айтты.

Айнұр ЖҰМАҒҰЛОВА, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ПД  ЖПҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Жол көлік апаты салдарынан екі жолаушының бірі 17 жастағы жасөспірім  оқиға орнында жан тапсырған. Екінші жолаушы жарақат алған.Емделіп жатыр.Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345 бабы 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


З. Санай