Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

"Nur Otan" партиясы "Ардагерлерді ардақтайық" акциясының жеңімпаздарын марапаттады

AstanaTV
04.11.2021ж. 20:00
1176
"Nur Otan" партиясы "Ардагерлерді ардақтайық" акциясының жеңімпаздарын марапаттады

"Нұр Отан" партиясының тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған  "Ардагерлерді ардақтайық" онлайн-акциясы қорытындыланды. Сайыс нәтижесімен ең үздік бейнеролик  авторлары марапатталды. Шараға   тыл және еңбек ардагерлері қатысқан. Оларға бейнероликте өздері туралы ақпарат беріп, сондай-ақ, Қазақстанның егемен ел атанғалы қол жеткізген жетістіктерін, Елбасының жас мемлекеттің қалыптасуы жолындағы   ерен еңбегін  баяндау талабы қойылған.   Байқау қорытындысымен  30 адам жеңімпаз деп танылды. Оның 4-і -Алматы қаласының тұрғыны. Солардың бірі-93 жастағы Надежда Непомилуеваның еңбегі әлеуметтік желіде көпшіліктің қолдауына ие болды.  

Надежда НЕПОМИЛУЕВА, ЕҢБЕК АРДАГЕРІ:

Белсенді болыңдар, талапты, бастамашыл болыңдар, Тәуелсіз елімізді, отанымызды сүйетін азамат болыңдар.


Сайысқа белсенді қатысып, ерекше көзге түскендерді де «Nur Otan»  партиясы құр қалдырған жоқ.  Оларға  да сый-си япат жасалды.  

Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ  ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жалпы еліміз бойынша 2000-нан аса ардагер акцияға қатысқан болатын. Ол кісілердің көргені біз үшін үлкен тарих осы тарихпен олар бөлісті. Біз осы тарихты әрі қарай жалғастыруға міндеттіміз.  


Д. Жарқымбек