Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Анасы 10 жастағы баласын 16 жерден пышақтаған

AstanaTV
04.11.2021ж. 20:00
2101
Анасы 10 жастағы баласын 16 жерден пышақтаған

Алматы облысында жантүршігерлік жағдай болды. 37 жастағы келіншек туған баласын 16 жерден пышақтаған. Көп қан жоғалтқан жасөспірімнің өмірі үшін дәрігерлер күресуде. Безбүйрек ананың мұндай әрекетке баруына не себеп болды? Әріптесім Әсем Лесбек анықтап көрді.  

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:


Жаға ұстатарлық оқиға Іле ауданындағы мына бес қабатты тұрғын үйде болған. 37- жастағы келіншек бауыр еті баласын тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан пәтерде пышақтаған.

Пәтерінің жарты бөлігін шаштаразға айналдырған әйелдің қылмысын көршілері көрген. Безбүйрек ана 10 жастағы баласының денесін 16 рет пышақтаған. Арқасы мен мойнына пышақ сұғып, қолы мен бетін тіліп тастағанын айтты.

Наталья ПЕТРУШКИНА, КУӘГЕР:


Жедел-жәрдем келіп баланы алып кетіп бара жатқанын көрдім. Баланың қолы қанталап жатты. Қанын тоқтату үшін шынтағын бүгіп жатты.

Дәрігерлер баланың көп жоғалтқанын айтып отыр. Ота жасалыпты, қазір жансақтау бөліміне жатыр.  

Асқар ҚАЛИЕВ, АЛМАТЫ АЙМАҚТЫҚ БАЛАЛАР КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ЕМДЕУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

Балаға қойған диагнозымыз дененің көптеген тығығылған кесілген жарақаттары, травматикалық шок 1-2 дәрежелі. Келген кезде баланың жағдайы ауыр болды. Қазіргі таңда бала жансақтау бөлімінде. Жағдайы ауыр.

Жантүршігерлер жағдай әлеуметтік желіге видео түсіру кезінде болған деген болжам бар. Келіншек Тик ток желісіне видео түсіру үшін баласын пышақтаған болуы мүмкін. Қаныпезер ананың  туыстары бұған қатысты жауап айтуға құлықсыз. Есікті іштен бекітіп, бізбен тілдесуден қашты.

Әйтсе де бұл отбасын танитын көршілер, болған жайтқа сене алар емес. Олардың айтуынша ешқандай психикалық ауруы болмаған.

Алла КОРОЛЁВА, КӨРШІСІ:


Мен ол әйелді психикалық ауытқуы бар келіншек демес едім. Керісінше барлығымызбен жақсы қарым-қатынаста, араласты.  

Рая ЖЕКСЕНБИНОВА, ТУЫСЫ:

Менің туысқан сіңілім. Ол өзі тұратын пәтерінің жанынан шаштараз ашқан. Сонда жұмыс жасайды.  

Дегенмен қатыгездікке барған ананы полиция қамауға алған. Оған қатысты сот психиатриялық сараптама тағайындаған.

Ақбота ҚУАНЫШБЕКҚЫЗЫ, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Аталған дерек бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 106 бабына сәйкес яғни денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бойынша тергеу жүргізілуде. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысында істің барлық мән жайлары анықталатын болады.

Ал бұл бап бойынша безбүйрек анаға 8 жылға дейін бас бостығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Қазір тергеушілер психикалық диспансерге орналастыру мәселесін қарастырып жатыр.

Ә. Лесбек