Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Жыл басынан бері елімізде 799 адам ата-ана құқығынан айырылған

AstanaTV
04.11.2021ж. 20:00
1384
Жыл басынан бері елімізде 799 адам ата-ана құқығынан айырылған

Елімізде  биыл 799 адам ата-ана  құқығынан айырылған.  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің мәліметіне сүйенсек: 2019 жылы -1636, 2020 жылы-1240, 2021 жылдың бірінші жарты жылдығында 799 адамды ата-ана құқығынан айыру мәселесі қаралған. Құзырлы орган өкілдерінің айтуынша, ата-аналардың өз құқықтарынан айрылуының басты себептері – маскүнемдік, уытқұмарлық. Сондай-ақ, балаларына тиісті жағдай жасамай, оларға әлімжеттік көрсетіп, ұрып-соғатындар да жиі кездеседі.Білім алуына жағдай жасамағандары да бар.

Нэлли ДОЩАНОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ІІБ ЮВЕНАЛДЫ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 215 кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары тіркеуде тұр. Оның ішінде 450-і балалар.  Ал, ата-ана құқығынан айыру өткен жылы 7 ата-ана болса, биыл 3 ата-ана болу құқығынан айырылды.  


Ә. Дүкембаева