"Болашақ" халықаралық бағдарламасына биыл 28 жыл. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты 1993 жылы дәл осы күні білімді жастар үшін стипендия тағайындау туралы жарлыққа қол қойған болатын. Елбасының теңдесіз шешімінен арқасында мыңдаған жас буын әлемнің үздік жоғары оқу орындарында білім алуға қол жеткізді. Қазіргі таңда бағдарлама түлектері түрлі салада жұмыс істеп қана қоймай, жаңа жобаларды іске қосуда. Толығырақ тілшіміз Асылбек Даниярдың материалында.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі Елбасының ауқымды бастамаларының бірі, осы - "Болашақ" халықаралық стипендиясы болатын. Осы уақыт аралығында шетелде 11 мыңнан астам отандасымыз білім алған. Бүгінде түлектердің тең жартысы мемлекеттік мекемелерде, 30 пайыздан астамы жеке секторда, қалғаны халықаралық ұйымдар мен ұлттық компанияларда еңбек етіп жүр. Халықаралық бағдарламалар орталығы президентінің айтуынша, өткен жылы бағдарлама тиімділігін анықтайтын және бітірушілердің үлесін нақтылауға арналған арнайы зерттеу жүргізілген. Нәтижесінде...
Айнұр КӘРІБОЗОВА, "БОЛАШАҚ" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Елу пайызы орта, ортадан жоғары деңгейдегі шешім қабылдайтын басшылар. Он пайыздан астам түлектердің өз кәсіпорнын ашып басқарып отырған азаматтар. Медицина саласында 800-ге жуық түлек болса, олардың 545-і жылына күрделілігі әртүрлі 213 мың ота жасаған.
Адам өміріне араша болып жүрген, аталған бағдарламаның алғашқы түлектерінің бірі - Дмитрий Горбунов. Ол - Германиядағы университеттің медицина факультетінде оқыған. Қазір танымал кардиолог, балаларға ота жасайды. Елбасының осындай мүмкіндік сыйлығанына, алғыстан басқа айтары жоқ.
Дмитрий ГОРБУНОВ, «КАРДИОХИРУРГИЯ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛАҒЫ" БАЛАЛАР КАРДИОХИРУРГИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:
Осыдан 30 жыл бұрын қабылданған шешім бізге жақсы маман болуға көмектесті. Біз медицина саласын - төменгі деңгейден бастап - бүкіл саласын меңгеруге мүмкіндік алдық.
Болашақ түлектерінің медицина ғана емес, экономикаға, тіпті ғылым әлеуетін арттыруға қосып жатқан үлестері орасан. Егемендіктің 30 жылдығына тұспа-тұс келген мерейтой қарсағында олар білімге ұмтылған жастарға қолдау көрсетіп жатыр, дейді Айнұр Кәрібозова.
Айнұр КӘРІБОЗОВА, "БОЛАШАҚ" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
"Болашақ" түлектерін тәлімгерлік "Өскенде кім боласың?" жобасына тартып жатырмыз. Соның ішінде Қазақстанның мектеп бітіруші оқушыларына біз "Болашақ" түлектерінің үздік тәжірибелерін жеткізіп мамандықты қалай дұрыс таңдау керек, оқу бағдарламасын оқу елін қалай дұрыс таңдау тұрғысынан елдік масштабта сәтті жүзеге асырып жатырмыз.
Бағдарлама түлектері "Болашақ" корпоративтік қорында да қызмет етеді. Әлемдік деңгейдегі жоғары сападағы анимациялық фильмдерді қазақ тіліне аударып, балаларға ұсынуда. Бүгінде мұндай туынды қатары 40-қа жуықтаған. Айта кету керек, атаулы күнді Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
А. Данияр