$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Мамандықтар қаласы» жобасы баланың қай салаға икемі барын анықтауға көмектеседі - Т.Люлька

AstanaTV
17.08.2017ж. 20:00
2992
«Мамандықтар қаласы» жобасы баланың қай салаға икемі барын анықтауға көмектеседі - Т.Люлька

19 тамыз күні елордалық «Арай» саябағы жұмыс жәрмеңкесіне айналады. 100 жуық мамандық өкілдері 2 мен 18 жас аралығындағы балаларды қызметке қабылдауды жоспарлап отыр. Бүгін әкімшілік ғимаратында «Мамандықтар қаласы» атты әлемдегі ең ірі жобаның таныстырылымы өтті.

Ұйымдастырушылардың мақсаты - балаларды кішкентай күнінен еңбек етуге, болашақ кәсібін бүгіннен бастап таңдауға шақыру. Саябаққа келген балдырғандарға арнайы еңбек кітапшасы да беріледі. Жобаға қатысу тегін. Егер олар тапсырмаларды тиянақты орындаса, арнайы жалақы төленбек. Бұл 100 теңгелік қағаз валюталарға шара соңында олар дүкеннен тәтті тағамдар сатып ала алады. 

Татьяна Люлька, «Мамандықтар қаласы» жобасының идеологы:

Ата-аналардан сұрайтыным - балаларға кедергі жасамаңыздар. Бұл жоба арқылы олардың қолынан не келетінін көруге болады. Кей сәтте үлкендер лайықты түрде бағаламайды. Ал бұл жобаның мақсаты - әр адамды сүйікті ісімен айналысуға шақыру. Жобаға бизнес өкілдерінің де үлес қосқаны қуантады. Себебі бүгінгі балдырғандар ертеңгі еңбекке араласатын азаматтар болады.

«Мамандықтар қаласы» саябақта сағат 11-де басталып, 14:00-ге дейін жалғасады. Қалалық әкімшілікпен бөлек, бұл жобаны қолдаған компаниялардың бірі - «BI Group» . Аталмыш компания өкілінің айтуынша, бұл жоба  идеологиялық тұрғыдан тиімді. Балаларға гуманитарлық бағыттан өзге де қызықты әрі пайдалы мамандықтардың бар екенін жеткізу керекпіз,- дейді Мақсат Рашитов. 

Мақсат Рашитов, «BI GROUP» компаниясының қызметкерлер жөніндегі басқарушы директоры:

Біз кішігірім құрылыс алаңын жасап жатырмыз. Яғни барлық қажетті материалдар ұсынылады. Балаларға ғимараттардың қалай салынатыны көрсетіледі. Ол үшін арнайы мамандар сол жерде қызмет атқарады. Шара барысында міндетті түрде қауіпсіздік шаралары сақталады.