Астанада мектеп табалдырығын аттайтын оқушыдың барлығы бірыңғай мектеп формасын киюге міндетті. Қазір мектептердің тапсырысымен киім үлгілері бекітіліп, сатылып жатыр. Қою көк түсті бірыңғай мектеп формасының бағасы қанша? Ата-аналардың қалтасы көтере ме? Тілшіміз Диана Сапарқызы білді.
Диана Сапарқызы, тілші:
Бірінші классқа баратын мектеп оқушыларының киімін отандық тігін фабрикалары әзірлеп жатыр. Мына дүкен 30 мектепке қызмет етеді. Әр білім ошағының сұранысына сай, эмблемаларымен арнайы тігеді. Қазір мұнда кезек қарбаласы жоқ. Дегенмен, күн сайын 2 мың бала мектеп формасын сатып алады екен. Сапасы жаман емес, - дейді ата-аналар.
Қыздарға арналған форманың ішінде жейде, костюм, галстук, тоқыма жейде мен белдемше бар. Ал ер балаларда белдемшенің орнына шалбар. Әр киімнің бағасы 5 мыңнан кем емес. Сонда бір баланың мектеп формасына 21 мың теңге тұрады.
Немересін мектепке бергелі отырған Дәмеш Хасенова киімнің сапасы жақсы болғанмен, бағасы қолжетімді емес дейді. Ал киім формасы - мектепке әзірлеудің бір бөлігі ғана. Сондықтан шығын 100 мың теңгеден асады деп отыр.
Дәмеш Хасенова, ата-ана:
Бәрі единый форма деген соң, келіп отырмыз осы магазинге. Ал былай қарап отырсам, өте қымбат. Қолжетімді деп айта алмаймын.
Міндетті мектеп формасы Алтын Күлкенованы да мазалап отыр. Ол да немересін бірінші сыныпқа апарғалы отыр. Киімдің құны қалта көтермейтін болған соң, амалсыз мешіттегі қайырымдылық акциясына келген. Бүгін мұнда 300 балаға оқу құралдары мен ақша табысталды. Оған 4 миллион теңге бөліпті.
Алтын Күлкенова, ата-ана:
Мен таңғалып тұрмын бағаларға. Бір юбка қызыма сұрасам 4500. Бір кофтасы 2500-3000. Оның бәріне құдыретім жетпейді. Бұның алдындағы балалардың киімі де түгел емес.
Қалада әлеуметтік жағдайы төмен 800-дей отбасының тізімі бар. Ол биыл жан-жақтан көшіп келгендерді есептемегенде. Есепте тұрғандарға мектеп формасын әкімдік қайырымды жандарна түскендер қаражатынан алып беріп жатыр. Ол үшін 7 жарым миллион теңге жұмсалмақ.
Жазира Асанова, Астана қалалық білім басқармасының баспасөз хатшысы:
Биылғы жылдың сәуірінен ата-аналармен бірге жалпы қала бойынша бірыңғай қою көк мектеп формасына көшу формалары қабылданған болатын. Дегенмен, бұл қою көк формасына кезең-кезеңмен көшетін боламыз. Міндетті түрде бірінші сыныптар жаңадан келетін болғандықтан, ол бүлдіршінде қою көк формасын сатып алады.
Ал
бірыңғай мектеп формасы келесі оқу жылынан бастап Астанадағы барлық сынып
оқушыларына міндеттеледі.